Алматылықтарға көлік дөңгелегін ауыстыруға кеңес берілді

04 қараша 2019, 18:48

Алматы әкімдігі ауа райының жауын-шашынды болуына байланысты тұрғындарға көліктеріне қысқы дөңгелекті салуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаяу жүргіншілер мен авто жүргізушілерге Алматы әкімдігі жолдарда, тротуарларда, әсіресе әл-Фараби даңғылынан жоғарғы аймақта мұзтайғақ болуына байланысты ескертеді. "Жүргізушілерге көлік дөңгелегін қысқы түріне ауыстыруға кеңес береміз. Тәжірибесі аз жүргізушілер көлік тізгінін ұстамағаны жөн", - делінген ресми хабарламада.