Сұрақ-Жауап. Кеңес

Алматының қай өзен-көлдерінде шомылуға болады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда шомылуға рұқсат етілген орындар белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерлан Әлібековтың айтуынша, қала аумағынан 28 шағын өзен ағып өтеді, сонымен қатар қала ішінде 26 су қоймасы бар.

 

Мегаполисте шомылуға рұқсат етілген 4 орын белгіленді. Олар:

 

1. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы – Баум тоғайы;

 

2. Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы – Гүлдер демалыс аймағы;

 

3. Сайран көлі – Төле би көшесінен оңтүстік бағытта 300 метр;

 

4. Сайран көлі – Төле би көшесінен пирске дейін оңтүстік бағытта 300 метр.

 

Онлайн брифинг барысында Ерлан Әлібеков «жабайы» жағажайларда шомылу келеңсіз жағдайларға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

 

 Сонымен қатар, ол ата-аналардан жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне назар аударуды сұрады.

 

 

«Биыл бір адам суға кетті. Тәжірибе мен бақылау нәтижесі көрсеткендей, қайғылы оқиғалар адамдардың тиісті тәртіп ережелерін бұзуынан орын алуда. Өткен жылы жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың арқасында суда адам өлімі тіркелген жоқ, алайда Сайран көлінде құтқарушылар 4 адамды құтқарды», - дейді Ерлан Әлібеков.

 

Биыл Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп шомылуға тыйым салынған жерлерде 58 белгі орнатты. Ал Сайран көлінде «Судағы қауіпсіздік шаралары мен ережелері туралы» билборд орналастырылды.

 

Департамент өкілі биылғы жазда Алматы су айдындарында құтқарушылар, суда құтқару отрядының және полиция қызметкерлерінің, ҚР Ұлттық ұланының № 5571 «Оңтүстік» бөлімінің әскери қызметшілері күн сайын кезекшілік ететінін мәлім етті.

 

«Демалыс күндері бұл жұмыс күшейтілген режимде өтеді. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мысалы, өткен жылы белгіленбеген орындарда шомылғаны үшін 6 адамға айыппұл салынды. Сондықтан рұқсат етілген жерлерде ғана шомылыңыз, жағалаудан және қоршау белгілерінен алыс жүзбеңіз. Егер сіз рұқсат етілген жерде шомылсаңыз, белден жоғары суға кірмеңіз. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Қайықтардан, көпірлерден және айлақтардан суға секірмеңіз. Түнгі уақытта және мас күйде шомылмаңыздар», - дейді Алматы ТЖД басшысының орынбасары.

 

Еске салайық, құтқару қызметінің бірыңғай телефоны – 112.




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.05.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31