Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ардагерлер ұмыт қалмайды

01 желтоқсан 2012, 12:25

Біз ауылда тұрамыз. Менің атам соғыс ардагері. Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне ақшалай көмек беріліп жатыр деп естідім. Осы рас па? Рас болса, ақшалай көмектің мөлшері қанша және ондай көмекті қайдан алады?
ҚАНИПА,
Жамбыл облысы
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің бұқа­ра­лық ақпарат құралдарына берген мәліметіне сүйенсек, Жамбыл облысында Ұлы Отан соғы­сы ардагерлеріне Тұңғыш Президент кү­ні­не орай бір реттік материал­дық көмек беріледі.
Ақпарат көзінің мәлімдеуінше, бұл мақ­сат­қа облыстың үнемделген бюджет қоржы­нынан 56 млн теңгеден астам қаржы бөлін­ген.
Материалдық көмек облыс көлеміндегі Ұлы Отан соғысының 2706 ардагері мен олар­ға теңестірілген тұлғаларға көрсетіледі.
Тұңғыш Президент күніне орай берілетін ақшалай көмек мөлшері 20 мың теңгені құрай­ды.
Ақшалай көмек беруді жергілікті билік жүзеге асырады. Сондықтан сіздің атаңыз жергілікті әкімдікке хабарласуы тиіс.
Қазақстанда биылдан бастап 1 желтоқсан Тұң­ғыш Президент күні мерекесі болып атап өті­леді. Заңға былтыр енгізілген толықтыру­лар­ға байланысты, бұл күн мемлекеттік мере­ке­ге жат­қы­зылады және демалыс күні болып сана­лады.