Сұрақ-Жауап. Кеңес

АРМАНЫҢЫЗДЫ ӨЗІҢІЗ ЖАҚЫНДАТЫҢЫЗ

  • АРМАНЫҢЫЗДЫ ӨЗІҢІЗ ЖАҚЫНДАТЫҢЫЗ

    АРМАНЫҢЫЗДЫ ӨЗІҢІЗ ЖАҚЫНДАТЫҢЫЗ

Арманды мақсатқа, мақсатты жоспарға айналдыру дегенді жиі естиміз. Ұйықтар алдында ойлаған арманымыз, таңертең оянғанда мақсатқа айналса, жоспарға да бір табан жақындадық деген сөз. Арманымыз орындалу үшін, қиялға беріліп жүре бермей, әрекетке көшу керегін бәріміз білеміз. Ал оны жақындату псхологиялықтұрғыда өзіміздің де қолымыздан келеді.


Арманыңыз орындалуы үшін ол әрдайым сіздің жаныңызда болуы тиіс. Мысалы, үлкен үйіңіз болуын қаласаңыз, оның суретін қағазға шығарып, бөлмеңіздің қабырғасына іліп қойыңыз. Компьютеріңіздің жұмыс үстеліне де сол суретті қойыңыз.


Арман-мақсат қағазға жазылған сайын, сізге жақындай түседі. Өткен шақта бар жоспарыңызды қағазға жазыңыз. Мысалы, «Мен көшбасшымын!», «Әріптестеріме (не достарыма) аса сыйлымын!», «Менің балаларым өте ақылды да тәртіпті».


Қандай жағдай болғанын қаласаңыз, көзіңізді жұмып, соны елестетіңіз. Әр ұсақ-түйегіне дейін бейнелеп, көз алдыңыздан өткізіңіз.


Қарым-қатынаста барлығы жақсы болғанын қаласаңыз, мұңды, қайғылы әуендер тыңдамаңыз. Керісінше, «Сен келерсің бір күні», «Бақыттымын өзіңмен» деген секілді, жақсылықтан үмітті әуендерге әуес болыңыз. Өткен жазбада сөз еткеніміздей, армандарыңыз бен жоспарларыңызды ешкімге айтпаңыз!


Тағдырдың жазғаны болады, оған ешкім шек келтірмейді. Бірақ тағдыр тасы қалануына өзіңіз себепші екеніңізді естен шығармаңыз! Бастысы, арманыңыз орындалатынына шын жүректен сенсеңіз болды! Мейлі, орындалмайтындай көрінсе де, жақсылықтан күдер үзбеңіз!


reactor.inform.kz




Көрілген: 798    Пікірлер: 0

жұма, 01.02.2019, 22:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30