Сұрақ-Жауап. Кеңес

Армениядан әкелінген тізгіні оң жақтағы көлікті қалай тіркеуге болады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Тізгіні оң жақтан сол жаққа ауыстырылған Армениядан әкелінген көліктерді тіркеуге болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 

Павлодар облысының полиция департаментінде өткен онлайн-брифингте әкімшілік полиция басқармасының басшысы Дулат Төкенов 22 тамыздан бастап павлодарлық полицейлер Армения Республикасынан әкелінген рөлі оңнан солға ауыстырылған көлік құралдарын уақытша тіркеу жұмысын бастағаны туралы айтты.

 

- Ішкі істер министрлігі, Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетімен бірлесіп, қайта жабдықталған автокөліктерді тіркеуге жағдай жасады, - деді Дулат Төкенов. - Егер қайта жабдықтау фактісі болса, рөлді оңнан солға ауыстыру керек. Бұндай жағдайда көлік құралын қауіпсіздікке тексеру туралы хаттама алу үшін көлікті зертханалық лабораторияға тексеруге тапсыру қажет. Нәтижесін алғаннан кейін көлікті тіркеуге болады.

 

Мұндай көлікті тіркеу үшін тіркеушіде жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралын тіркеу туралы куәлік және Армения Республикасының уәкілетті органы берген көлік құралдарына мемлекеттік нөмір белгілері болуы тиіс. Көлікті тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.

 

Павлодарда оңнан басқарудан солға ауыстырылған алғашқы тіркелген автомобильдердің бірі «Toyota Alphard» маркалы автокөлік болды. Көліктің иесі оны Қостанайдағы сынақ орталығында алған («Натекс» ЖШС Қостанай филиалы) көлік құралының қауіпсіздігін тексеру хаттамасын ұсынды.

 

- Ер адам көлік құралын қауіпсіздікке тексеру хаттамасын алу үшін Қостанайдағы сынақ зертханасына бет бұрғанын, онда тексеруге көлік құралын ұсынғанын, бірақ бұған дейін ол жарықтандыру линзаларын, әйнек тазалағыш пен алдыңғы орындықтарды ауыстырғанын айтты. Өйткені бұл зертхананың талаптарының бірі. Осы тексеріс үшін 20000 теңге көлемінде төлем жасады. Содан кейін ол Павлодардағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, автокөлікті тіркегені үшін төлем жасады. Тіркеу куәлігі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірін алды, - деді департаментте.

 

Тағы бір көліктің иесі өзінің көлігін 25 тамызда тіркеді. Бұл үшін ол тест орталығында алған хаттаманы берді («Натекс» ЖШС Қостанай филиалы).

 

ӘПБ бастышысы Дулат Төкенов автомобильді Қазақстан Республикасында тіркеу тек Арменияда тіркелген адамға ғана жүргізілетінін айтты.

 

- Мұндай көліктерді тіркеу оларды сенімхат немесе сақтандыру полисі негізінде жүргізетін адамдарға жүргізілмейді. Өйткені олар заңды түрде автомобильдердің иелері болып табылмайды, - деді Дулат Төкенов.

 

Еске салайық, елімізде Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу 1 қыркүйекке дейін жалғасады.

 




Көрілген: 751    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.08.2020, 02:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31