Сұрақ-Жауап. Кеңес

Армениялық көліктерді уақытша есепке қою үшін не істеу керек?

  • Армениялық көліктерді уақытша есепке қою үшін не істеу керек?

    Армениялық көліктерді уақытша есепке қою үшін не істеу керек?

 Биылғы жылдың 1-ші маусымынан 1-ші қыркүйегіне дейін тек Армениядан келген көліктерді уақытша есепке қоюға мүмкіндік бар. Бұл науқанға одақтас мемлекеттен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан аумағына кірген көліктер қатыса алады деп хабарлайды kolesa.kz.

Құжатта уақытша тіркеудің мерзімі көрсетілмеген, сондықтан 18-аймаққа тиесілі сары нөмірдегі көлікті әбден тозғанша (көлік иесі оны бастапқы тіркеу не ел аумағынан шығару жөнінде шешім қабылдағанша) мінуге болады. Бірақ машинаны Қазақстанда сата алмайсыз.

Уақытша тіркелген армениялық машиналарға Қазақстанда да, Арменияда да салық төленеді. Техникалық тексерістен Қазақстанда өтуі керек. Ал автокөлікті тұрақты тіркеуді ұйғарсаңыз, утилизациялық төлем (автокөліктің көлеміне байланысты) мен кедендік айырманы төлеуге тура келеді.

Егер рөлі сол жаққа ауыстырылған болса, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік қажет болады.

Техникалық құжатта көліктің Қазақстанға Армениядан келгенін білдіретін АР белгісінен бөлек «басқа тұлғаға тіркеуге болмайды» деген жазба пайда болады, яғни ел азаматының атына уақытша тіркелген машинаны өзге азаматтың атына қайта рәсімдеуге рұқсат берілмейді.

 

Негізгі ереже қандай?

Мамыр айының соңында Армениядан келген көліктерді тіркеу ережелері енгізілген болатын. Бұл құжатта ««Қазақстан Республикасына уақытша кіргізілген, сонымен қатар 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армения Республикасының уәкілетті органдарында Қазақстан азаматтарының атына тіркелген, басқару органдары сол жағында орналасқан көлік құралдарын тіркеу бастапқы тіркеу болып саналмайды. Тиісінше, бастапқы тіркеу үшін талап етілетін алым сомасын (әдеттегі тіркеуден он есе көп) төлеудің қажеті жоқ», делінген.

Армениялық құжаттардың түпнұсқасы мен мемлекеттік нөмірлерді көлік иелері мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына өткізеді.

Армениялық автокөлікті Қазақстанда тұрақты есепке қою үшін армениялық есептен шығарып, утилизациялық алым мен кедендік айырма сомманы (егер автокөлік Арменияға жеңілдік кезеңінде, яғни 2014 жылдан кейін кіргізілсе) төленгенін растайтын құжаттар тапсырылғанда ғана мүмкін болады. Көлік Қазақстанда уақытша есептен алынып, елден шығарылғанда ғана армениялық төлқұжат пен нөмірді алуға рұқсат беріледі.

Уақытша тіркелген армениялық машиналарға В литерасы бар, 18-аймаққа тиесілі сары нөмірлер беріледі. Тиісті өзгерістер ҚР ІІМ-нің «Мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерінің пішіндері мен үлгілерін бекіту туралы» № 1040 бұйрыққа енгізіледі.

Айта кетерлігі, біздің елде уақытша тіркелген көліктер Арменияда есепте тұратынын ұмытпаған жөн. Көлік иелері сол елде салық төлеп, туындаған мүліктік мәселелерді шешу үшін және сату үшін де сол елге баруы тиіс.

Егер Армениядан 2020 жылдың 1 ақпанынан кейін алып келінген көліктерді тіркеу керек болса, утилизациялық төлем (автокөліктің көлеміне байланысты) мен кедендік айырманы және де бастапқы тіркеу сомасын (машинаның шыққан жылына байланысты) төлеу керек болады.

kolesa.kz.




Көрілген: 826    Пікірлер: 0

жұма, 26.06.2020, 01:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31