Сұрақ-Жауап. Кеңес

Аш қарынға 1 стақан ыстық су ішу: денсаулыққа пайдалы ма, әлде жалған түсінік пе

  • Аш қарынға 1 стақан ыстық су ішу: денсаулыққа пайдалы ма, әлде жалған түсінік пе

    Аш қарынға 1 стақан ыстық су ішу: денсаулыққа пайдалы ма, әлде жалған түсінік пе

Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігі күнделікті таңертең аш қарынға ыстық су ішудің қаншалық адам ағзасына пайдалы екені жайлы мәлімет ұсынады.


Кейде біз ағзаны тазалау және арықтау үшін дәріханадан түрлі дәрілер сатып аламыз немесе ғаламтордан тиімділі дәлелденбеген дәрілерге тапсырып беріп жатамыз. Бірақ, бұған көмектесетін құрал бәріне қол жетімді және кез-келген асханадан табылады. Күн сайын таңертең аш қарынға бір стақан ыстық су ішсе не болады? Сіз де күніне солай жасап көріңіз және нәтижесі сізді қатты таңғалдырады.


Таңертең аш қарынға ыстық су ішу несімен пайдалы


Бұл құпияны кезінде біздің апа-әжелеріміз де қолданған. Қарапайым қара суды таңертең аш қарынға ішу ағзаға айтарлықтай пайдалы екен. Егер сіз асқазанды және ішекті зиянды заттардан тазартып, жүдететін диеталарсыз-ақ арықтап, артериялық қысымды реттегіңіз және теріні безеу мен майлы жылтырдан арылтқыңыз келсе аш қарынға ыстық су ішіңіз және оның пайдасы айқын көріне бастайды.


Гастроэнтологтар судың осындай емдік қасиетін жақсы түсіндіреді. Олар ішек қабырғасына бір түннің ішінде ас қорытудың қалдықтары мен улы заттардың, шырыштың жиналып қалатынын анықтады. Ал таңертең аш қарынға жылы немесе суық су ішу бұның бәрін шайып шығады. Нәтижесінде асқазан-ішек жолдары төмендетіліп, өз жұмысын бастайды және тазарады.


Егер сіз күн сайын таңертең өзіңізді осындай қарапайымға рәсімге үйретсеңіз, ол қан қысымына оң әсерін тигізетін ағзаның сілтілі балансын қалыпқа келтіреді.


Мұнда ең пайдалысы қайнамаған ыстық су. Себебі, қайнау кезінде судың пайдалы қасиеті жоғалады, ал ағза мұндай өнімді толығымен сіңіре алмайды. Алайда, ірі қалалардағы құбыр суының сапасы жақсы емес, кейде оны қайнатпай ішу денсаулыққа қауіпті. Мұндай жағдайда заманауи сүзгілерді немесе дүкендерде сатылатын ауыз суды қолдануға болады.


Ыстық суды таңертең аш қарынға қалай ішу керек


Ағзаны тазарту және арықтау үшін күн сайын ыстық су ішуге кеңес беріледі, бірақ қайнаған су емес. Ұсынылатын температура – шамамен 40 градус. Сондай-ақ, суды асықпай, аздап ұрттап ішкен дұрыс. Мұны ұйқыдан тұрғаннан кейін аш қарынға жасау керек.


Дәмін жақсарту үшін кішкене бал немесе лимон тілімін қосуға болады


Сонымен бірге, суға лимон қосып ішудің қарсы көрсеткіштері бар: оны асқазанның қышқылдық деңгейі жоғары болған жағдайда қосуға болмайды. Сондай-ақ, созылмалы және жіті гастрит немесе асқазан жарасы да қарсы көрсеткіштер болып табылады. Мұндай жағдайда судың өзін ғана немесе бал қосып ішкен жөн.


Күнделікті аш қарынға ыстық су ішу және оның ағзаға келтірер пайдасы сізді таң қалдырмай қоймайды, өйткені суды өмірдің негізі деп бекер атамайды.




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.01.2019, 13:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі
    6 Наурыз, 13:41
    АРУЛАРҒА 13 КЕҢЕС
    27 Ақпан, 13:22
    САБЫРСЫЗДЫҚТЫҢ СОҢЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30