Сұрақ-Жауап. Кеңес

Әскери борышты өтеу 2 жылға ұзартыла ма - министрлік жауабы

  • Әскери борышты өтеу 2 жылға ұзартыла ма - министрлік жауабы

    Әскери борышты өтеу 2 жылға ұзартыла ма - министрлік жауабы

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Қазақстан армиясын мерзімді әскери борышты өтеу жүйесін 2 жылға көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Мұндай әңгіме жиі көтеріліп тұратындығын атап өткім келеді. Бірақ, бүгінгі күні 1,5-2 жылға іскери борышты өтеуге көшіру жоспарымызда жоқ», - деді Бақыт Құрманбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Сонымен қатар ол «1 жылдың ішінде сарбаз барлық әскери машықты игеріп шыға ала ма?» деген сауалға да жауап бері.

«Жас сарбаз курсын өту барысында, әскери бөлімге алғаш келіп түскенде жеке қаруды қолданумен байланысты барлық мәселелер қарастырылады. Яғни, олар автоматпен, тапаншамен атып үйренеді. Аталған атыс қаруларын қолданудың барлық қажетті тәсілдерін, әдістерін, оны ұрыс кезінде қолдану әрекеттерін меңгереді. Содан кейін ол осы курсты өтіп барып ант қабылдайды. Ант қабылданғаннан кейін ғана күрделі техникаларды меңгере бастайды», - деді ол. 




Көрілген: 583    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.06.2020, 23:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31