Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Астана шахматшылары өзбектерден ұтылды

16 қаңтар 2013, 11:11

Газеттеріңіздің өткен жылдағы соңғы нөмірлерінде шахматтан Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан әлем чемпионаты туралы жазып едіңіздер. Сол бүкіләлемдік біріншілік қалай аяқталды екен?
Марат АҚБЕРГЕНОВ,
Қарағанды облысы
Сіз айтып отырған біріншілік дүниежүзі қалалары ара­сындағы әлем чемпионаты болатын. Онда Астана қала­сы­ның шахматшылары топтық ойындарда тамаша өнер көр­сетіп, «D» тобында үздік шыққан. Алайда 1/8-фи­налында «В» тобында үшінші орынға ие болған Ташкент шахматшы­ла­рымен кездесіп, ұтылып қалды. Есеп – 1,5:2,5.
Бұл кездесуге үнемі бірінші тақтада ойнайтын Мұртас Қажы­ғалиев шықпаған. Бірінші тақтада Ринат Жұмабаев ой­нап, ол өзбекстандық Марат Жұмаевпен тең түсті. Ал екін­ші тақтада ойнаған Павел Коцур ташкенттік Андрей Квон­нан басым түсті.
Алайда үшінші және төртінші тақтада ойнаған жігітте­рі­міз сенім үдесінен шыға алмай, жеңілістің кермек дәмін тат­ты. Әнуар Ісмағамбетов Алексей Барсовқа есе жіберіп ал­са, Кирилл Кудеринов Сайдалы Юлдашевтан ұтылып қалды.
Сөйтіп, Астана шахматшылары Ташкент құрамасынан ұтылып, жігерлері құм болды. Ал Ташкент тарландары мұ­нымен шектелмей, жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орынға ие болды. Бірінші орынды Хогевен (Гол­ландия) шахматшылары жеңіп алды. «D» тобында біздің шахмат­шы­лармен тең түскен Баку құрамасы екінші орын­ға ие бо­лып, Нови Сад (Сербия) шахматшылары үшінші орынды ен­шіледі.