Сұрақ-Жауап. Кеңес

Астролог маусым айында қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты

  • © astrolog.kz

    © astrolog.kz

Танымал қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова маусым айына болжам жасап, қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты.


Жұлдызнамашының есептеуінше, жаздың алғашқы айында ғарыштың жағымсыз энергиясы Жердің биосферасына тікелей әсер ететін болады. Бұл өз кезегінде Жер бетіндегі халықтың тұрмысына жағымсыз әсерін тигізеді.


"Саяси қызметкерлер мен жетекшілер менменшілдік танытады"


Сондай-ақ, оң нәтиже бермейтін теріс саяси шешімдер қабылданып, әуе және жол апаттарының саны күрт өседі. Сатурн мен Юпитер секілді планеталардың күші адамдардың жеке өмірінен гөрі қоғамға көбірек әсер етеді. Бұған олардың энергетикасын қарапайым адамның сезіне алмауы себеп.


"Осы тұста мәдениет, ғылым мен білім, әлеуметтік және саяси мәселелер мен адамдардың жеке құқығының қорғалуы жайында айтып жатырмын. Маусым айының алғашқы тоқсанында, әсіресе 5-і мен 10-ы аралығында адамдар, оның ішінде саяси қызметкерлер мен жетекшілер менменшілдік танытады. Әлін білмей әлек болады десек те артық емес", - деді астролог Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Әрі қарай жұлдыздар сырын меңгерген маман жоғарыдағы азаматтардың халыққа, қоластындағы қызметкерлеріне берген уәдесін орындамайтынына тоқталды. Осы менменшілдік, жалған оптимизм көптеген қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырады. Адамдар өздерімен келісе алмағанымен қоймай, айналасындағылармен де сөзге келіп қалады.


"Жанжал болады"


"Маусым айында басшылық, адвокат, сот төрағасы, билік органдары өкілі және мемлекеттік қызметшілермен арада жанжал туындайды. Сол себепті жаздың алғашқы айында өз энергиямызды жеке шығармашылыққа қарай бағыттаған дұрыс. Өкінішке қарай, бұл айда серіктестік қарым-қатынасқа сызат түсіп, іс насырға шабады. Жалпы, өзіңізді жақсы жағыңыздан ғана көрсетпеуге кеңес берер едім. Бұл қолында билігі бар азаматтарға жақпай қалуы мүмкін", - дейді Ирина Әбдірайымова.


Мұнымен қатар, астролог махаббат, отбасы және қаржы қиындықтарын реттеу үшін үшінші бір адамдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес берді. Көп тамақ ішіп, шектен тыс физикалық жаттығу жасай беруге де болмайтынын айтты. Әсіресе, бауыр мен жүрекке салмақ салмаған жөн.


"8-11 маусым аралығында алаяқтарға алданып қалуыңыз мүмкін. Сеніміңізге кіріп алып, тез баюдың жолын ұсынатын жандардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұдан өзге басшылық және ұжыммен жанжалдасып қалуыңыз мүмкін. Бет жыртысып ұрыспасаңыздар да, іштей дұшпан болып жүресіздер. Сіз туралы жалған қауесет таратулары да ғажап емес", - дейді астролог.


"Маусымның соңына қарай үлкен өрт болуы мүмкін"


13-21 маусым аралығында ашу мен сезімге бой алдырып, орынсыз әрекеттерге баруыңыз мүмкін. Мұндайда бізге сабыр мен төзімділік көмектеседі. Өкінішке қарай, несиемен байланысты да қиындықтар туындайды. Тіпті, қашып құтыламын деп сыр бермеуге тырыссаңыз да, көп ұзамай бәріне аян болады.


"21-23 маусым күндері табиғи апаттар болады. Құрлық пен теңізде өрт шығу қаупі басым. 27 маусымға қарай жағдай тұрақтала бастайды. Бірақ, толықтай жөнге келеді деп айту қиын. Сол себепті улы сұйықтықтармен жұмыс істегенде барынша сақ болуға тырысыңыз. Сондай-ақ, осы айда қабылданған шешімнің ұзақ уақыт бойы өміріңізге әсерін тигізіп өтетінін еске салғым келеді", - дейді Ирина Әбдірайымова.


Сөз соңында астролог маман жазда басталған қиындықтардың күзде шетінен ретке келе бастайтынын айтып қуантты.


Sputnik 




Көрілген: 1136    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.06.2019, 12:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30