Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Ата-ананың өзінде психологиялық проблема болуы мүмкін": Жасөсірімнің психологиялық ауытқуға ұшырағанын дер кезінде қалай анықтауға болады?

  • "Ата-ананың өзінде психологиялық проблема болуы мүмкін": Жасөсірімнің психологиялық ауытқуға ұшырағанын дер кезінде қалай анықтауға болады?

Жақында Татарстан астанасы Қазан қаласындағы мектепте 19 жастағы бозбала оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған еді. Күдікті адамдарды кепілде ұстап, нәтижесінде 7 оқушы мен екі мұғалімді өлтіреді. Артынша Қарулы күштер жігітті ұстаған, қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Өз баласы мектеп оқушыларын, мұғалімді атып өлтіргенін естіген ата-ананың жағдайы қандай екенін сезіну, елестету қиын. Көп жағдайда қоғам мұндай кезде "дұрыс тәрбие бермеген" ата-ананы кінәлауға бейім. Жасөспірімнің психологиялық ақауға ұшырап, осы тәрізді қылмысқа баруына дер кезінде көңіл бөлмеген ата-ана кінәлі ме? Баланың психикалық ауытқуға ұшырауының алғашқы белгілерін анықтау мүмкін бе? Stan.kz тілшісі психологтан сұрады.

Қазақстандық психоаналитик Шырын Айдарова қалыпты емес өзгерістер көзге бірден көрінеді, ата-ана баласына жанашыр болса, бірден байқайды, дейді. 

 
Жасөспірімде психикалық ауытқуларды қалай анықтауға болады? Алғашқы белгілер бар ма?

Жасөспірімдік кезеңнің өзі ауырлау кезең. Себебі осы уақытта ағзада түрлі өзгерістер болады: гормоналдық, физикалық және т.б. Психикалық ауытқуды психиатр нақты айта алады. Ал психологиялық ауытқу байқалса, не ата-ана қалыптан тыс өзгерістер болып жатқанын сезсе, жасөспірімді ертіп келуіне болады. 

Психологиялық өзгерістердің алғашқы белгілерін анықтау мүмкін, ал психикалық ауытқуды тек медициналық қызметкерлер анықтайды. 

Қалыпты емес өзгерістер көзге бірден көрінеді, ата-ана баласына жанашыр болса, бірден байқайды. 

Ата-ана қайғылы жағдайды алдын ала алады деп айту қиын. Жасөспірім мен ата-ана арасында сенімді қарым-қатынас болмаған шығар. Қазандағы жағдай мысалында, күдікті ата-анасын мойындамаған, оған шизофрения диагнозы қойылған. Демек бұл психикалық ауытқу.

Ата-ана баламен қарым-қатынас орната алуы тиіс, әсіресе, қолдауға мұқтаж жасөспірім кезінде бұл өте маңызды. Жасөспірімнің толыққанды дамуы үшін ата-анамен әңгімелесуі өте қажет.

Бала кезде көп қорлық көрген, кемсіту естігендер қылмыскер болуға бейім деп айтуға болмайды. Бұл адамның психикасының қалай қалыптасқанына байланысты: жинақтап, ашуын бір-ақ шығара ма, әлде өзін-өзі кемсітуге бейім бе? Әрине, буллинг, зорлық - бұл жақсы нәрсе емес. Бұл жерде жеке тұлғаға зорлық жасалады. 

Баласы қылмыскер атанған ата-ана қайғылы жағдайдан қалай өте алады?

Ата-ананың өзінде психологиялық проблемалары болып, балаларына берілген болуы мүмкін. Бұл ата-ана тарапының әсері, сезімге жоғарыдағыдай жауап берген болуы мүмкін: жинап-жинап, ашу шығару және т.б.

Ата-ана үшін бұл трагедия. Өз-өзін кінәлау, ыза, жек көру сияқты сезімдер болады. Қоғамда психологиялық мәдениетті дамыту керек. Ата-аналардың психологиялық білімі, танымы болуы қажет. Балаға не береміз, сезімді қалай жеткіземіз, осыны білу тиіс. Ата-аналар психологиялық тұрғыдан сауатсыз болса, әрине, балалары да осындай болады. Психологтарға жиі бару, психологиялық білім жинау, лекция тыңдау халыққа психологиялық сауаттылық береді. 

Кінәні ата-анадан көрген дұрыс па?

Жасөспірімді тәрбиелеген ата-ананы кінәлау дұрыс емес. Себебі ешқандай әке-шеше баласы қылмыскер атанғанын қаламайды. Алайда осындай жағдайда сенімді қарым-қатынас орнату керек. Баланы әңгімеге тарту керек. Не нәрсеге ашулы екенін сұрап, сезімін, эмоциясын сізге ашылып айту керек. Осы ашу мен ызаны қауіпсіз жолмен сыртқа шығару маңызды. Оның да жолдары бар. Мәселен, спорт, тауға шығу энергияның шығуына сеп болады. Сондай-ақ, балаға проблеманы қауіпсіз жолмен шешу керектігін түсіндірген жөн.

Менің тәжірибемде, ата-аналар мінезі ауыр жасөспірім балаларын алып келіп жатады. Қазір ата-ананың бұл-қыздарын уайымдап, келіп жатқанының өзі қуантады. Бірге шешіп, ата-анамен отбасылық консультация жүргіземіз. Кейде жасөсіпірмдер проблемаларын шешкісі келіп, өз бетімен келіп жатады. Психонализ процесінде ата-анасымен, достарымен мәселелерін шешіп үйренеді.  

Ата-ана мұндай трагедияны алдын алуға қауқарлы ма?

Қазір жас балалар әлеуметтік желілердің әсеріне бейім болғандықтан, иллюзияда өмір сүреді.  Ата-аналар мен балалар бір-бірін естімейді. Әке-шеше баласынан не тамақ іштің, қандай баға алдың деген сұрақ қоюмен шектеліп жатады. Көбіне осындай отбасыларда проблема орын алады. Себебі рухани байланыс жоқ. Рухани байланыс орнағанда ғана екі тарап бір-бірінің тілін табады. 

Ата-ана баланың психологиялық жағдайын бақылап, қадағалап отыруы керек.

Жақсылап ұйқы қандыруына мән беру керек. Себебі жасөспірімдік кезеңде ұйқы өте маңызды компонент.

Баланың өміріне шынайы қызығушылық болу.

Психологиялық және жас ерекшеліктерін байланысты сынамай, қабылдау қажет. Сол кезде ғана баламен сенімді қатыныс орнатуға болады. Қазір ата-ана баланы қабылдамайды, сондықтан да оларда наразылық сезімі пайда болады. 

Әрине, жауапкерішілік ата-анада. Жасөспірімдік кезең 18-ге дейін емес, кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, 25, 35 жасқа дейін барады. Демек ата-анаға баланың әлі есеймегенін ескеру керек. 

Айта кетейк, 11 маусымда Қазан қаласындағы оқиғаға күдікті Ильназ Галявиевтің ата-анасының айтуынша, ол бұрындары мұндай агрессия танытпаған.

Ильназ отбасында кіші бала, туған ағасы бар. Көршілері жас жігіт туралы жақсы пікірде. Салмақты, қарапайым жігіт, ешкім мұндайға барады деп ойламаған.

Бұл оқиға Татарстанды ғана емес, әлемді дүрліктірді. Осы сияқты оқиға бұрында әлем тарихында орын алған. Соның бірі "Колумбин" аталып кеткен қанды оқиға. 

1999 жылы 20 сәуірде Колумбин орта мектебінде екі жасөсіпірім атыс ұйымдастырады. Дилан Клеболд пен Эрик 12 оқушы мен мұғалімді өлтіреді. Қайғылы жағдай кезінде 20-дан астам адам жарақат алады, содан кейін атыс шығарғандар өздеріне қол жұмсайды. 

Қылмыскердің бірі Дилан Клеболдтың анасы Сьюзан Фрэнсис Клебольд жағдайды өте ауыр қабылдайды. Айтуынша, қайта қалыпқа келуіне ұзақ жылдар керек болған. Бүгінде ол - американдық жазушы және белсенді.

17 жыл өткен соң ол "Ана өтеуі": Трагедиядан кейінгі өмір" (A Mother’s Reckoning: Living In the Aftermath of Tragedy) кітабын жазды. 

"Ұлымның жасағанына көндігуге жылдар қажет болды. Оның қатыгездігі өз ұлымды толықтай танымағанымды көрсетті. Болған оқиғадан соң адамдар менен: "Сіз қалай білмеуіңіз мүмкін? Мұны байқамау үшін қандай ана болу керек?" деген сынды сұрақтар қояды.  Мен де өзіме әлі де осы сұрақтарды қойып келемін", - дейді Сьюзан Клебольд. 

Өз қалауымыздан тыс жақын адамдарымыздың ойы мен сезімдерін нақты біле алмаймыз, басқара алмаймыз деген қорытындыға келдім. Біз басқалары сияқты емеспіз, балаларымыз да басқаларға немесе өздеріне зиян тигізе алмайтынына сенімді болу көзге көрінбейтін қауіпті көруге кедергі келтіруі мүмкін.  Жақындарымыздың не айтқанына қарамастан, біз әрқашан абай болуымыз керек. Біз оларды еш айыптаусыз, сынамай тек естіп, тыңдауымыз қажет.

Сьюзан Клебольдтың айтуынша, адамда психикалық ауытқу бар екенін бірден анықтау қиын. Себебі анық белгілер байқалмайды, дейді ол.

Біреулер тек қорқыныш, ашу, дәрменсіздікті сезінуі мүмкін және олар ешқашан қажетті көмек ала алмайды. Осы себепті көп жағдайда көмек беруге де тым кеш боп жатады.




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 14:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31