Атомдық сүңгуір қайық қай елдерде бар?

01 наурыз 2012, 12:42

Бұрындары тек АҚШ пен КСРО-да суасты атомдық қайықтар болғанын білемін. Қазір ондай қайық қай елдерде бар?
Нұрғиса Әділбек,
Алматы облысы
Қазіргі кезде әлемдегі бес мемлекеттің қарулы күштері атомдық суасты қайық­та­ры­мен жарақтанған, олар: АҚШ, Ресей, Фран­ция, Ұлыбритания және Қытай. Алдағы жыл­дары бұлардың қатарына Үндістан мем­лекеті де қо­сылады. Militaryparitet.com сай­тының мә­лі­меті бойынша, қазір Үндістанда INS Arihant де­ген атауға ие болған екі бірдей атом­дық суас­ты қайығы жасалып жатыр. Сон­дай-ақ жақын болашақта Бразилия мемлекеті де атом­дық суасты қайықтары бар елдердің қа­тарына кіреді. Бразилиялықтар жасап жатқан қайық құрылыстары шамамен 2020 жыл­да­ры аяқталады деп жоспарлануда. Тарихи есеп бойынша ең алғаш атомдық сүң­гуір қайық­қа ие болған ел – АҚШ. Артын­ша бә­се­­келесінен қалыспау үшін КСРО да осын­­дай қарулы техниканы жасап шыққан болатын.