Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Әуежайдағы қауіпсіздікті қанша адам бақылайды?

10 маусым 2011, 11:09

Алматы халықаралық әуежайында қауіпсіздік мәселесіне қанша адам жауапты? Соны білуге бола ма екен?
Жаннұр ТАСБОЛАТҚЫЗЫ,
Алматы қаласы
«Алматы халықаралық әуежайы» АҚ қауіпсіздік жөніндегі вице-президенті Нұрлан Жұмасұлтановтың «Авиация.kz» журналына берген мәліметіне қарағанда, әуежайдағы қауіпсіздікті әуе қауіпсіздігі жөніндегі дирекция қадағалайды. Ол екі қызметтен тұрады: әуе қауіпсіздігі және тексеру. Әуежайда Алматы қалалық ішкі істер департаментінің Мемлекеттік күзет қызметі басқармасының қызметкерлері де қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Нысанның кейбір тұрақтары мен ұшу-қону жолағының бір бөлігін күзету «Барыс» күзет агенттігі» ЖШС-іне берілген. Әуежайдағы шептерді, нысанішілік және өткізу режимін және басқа да түкпірлерді әуе қауіпсіздігі қызме­тінің арнайы қарумен жарақтанды­рыл­ған 378 маманы бақылайды. Ал жолаушылар мен жүкті 331 қызметкер тексереді. Стратегиялық нысанда металл іздейтін 43 қондырғы, 55 қырағы ит пен 300-ге жуық бейнебақылау қондырғысы бар.