Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет» - маман кеңесі

  • «Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет» - маман кеңесі

    «Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет» - маман кеңесі

Артық ақпарат артық шығын.

Қажетсіз және қолданылмайтын қосымшалар смартфон жадын толтырып тастайды, сондықтай ай сайын оларды тазартып отыру қажет. Сонымен қатар бұлттағы (cloud) ақпаратты да тексеріп тұру керек, дейді Telecom daily ақпараттық-талдау агенттігінің директоры Денис Кусков.

Оның айтуынша, бүгінде адамдар смартфонды қоңырау шалу, интернетке қосылу, фото түсіру және басқа да мақсатта қолданады. Көп адам ұялы телефонына 100-ге жуық қосымша жүктеп алады, алайда күніне соның ішінде он қосымшаны ғана пайдаланады, деп жазады "Прайм" агенттігі.

"Сол себепті телефондағы қосымшаларды тексеріп отыруды ұмытпау керек. Егер кей қосымшаның қажеті жоқ екенін көрсеңіз, телефон жадын толтырады деген себеппен өшіріп тастаңыз. Сонымен қатар олар үнемі жаңарып отырады, ал бұл интернет трафикті арттырады", - дейді маман.
Сонымен қатар смартфон жылдам жұмыс істеуі үшін қолданбайтын қосымшалардағы Push хабарландыруды өшірген дұрыс. Сондай-ақ, қолданушының әрекетінен тыс өз бетінше келетін хабарламаларды да өшіріп қоюға болады.

Сонымен қатар бұлтта сақталатын ақпаратты, артық фотоларды да өшіріп отырған жөн. Себебі белгілі бір көлемнен асқаннан кейін ол жердегі фото үшін ақша төлеу қажет. Артық ақпарат &ndash артық шығын.

"Сонымен қатар мессенджерлер арқылы телефон жадына келетін барлық фотоны, мәтінді, видео мен аудионы сақтаудың қажеті жоқ. Телефонның параметрлерінде мұны айналып өтуге болатын батырма бар", - дейді Кусков.

Айтуынша, сол арқылы бұлттағы ақпараттың көлемі артады және мессенджердің архивінде сақталып қалады. Екі жақта бір фотоның сақталмауы үшін қосымша параметрлерін өзгертіп қойған жөн.

Дереккөз: sputnik.kz




Көрілген: 1036    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 16:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31