Сұрақ-Жауап. Кеңес

Айнұр Тұрсынбаева босанғаннан кейін жатыр мен ішті қалыпқа келтірудің жолдарын айтты

  • Айнұр Тұрсынбаева босанғаннан кейін жатыр мен ішті қалыпқа келтірудің жолдарын айтты

    Айнұр Тұрсынбаева босанғаннан кейін жатыр мен ішті қалыпқа келтірудің жолдарын айтты

Айтыскер ақын ең алдымен, толғағы қысқан әйелдің барлық дұғасы қабыл болатынын еске салды.


"Мен босанған жылдары әйтеуiр бала туа салысымен iшке мұз қойып қоятын, жатыр тез орнына түседi деп. Ол пәле бүкiл денеңдi мұздатып естi шығаратын едi. Қазiр америкалық ғалымдардың оқып, зерттеуiнен кейiн жана туған баланы қоятын болыпты ғой. Жатырды тез орнына түсiре алатын жас сәбидiң жып-жылы денесi екен. Құдай-ау оны Америкадан сұрамай-ақ, апалардан неге сұрай салмаған?! Бұл бiздiң оқымаған әжелердiң сонау ғасырдан қолданатын тәсiлi екен ғой.


Айтпақшы, баладан кейiн қалып кететiн iштi жұмыртқаның сарысы жақсы кетiредi екен. Тек қана сарысын жақсылап жағып, сыртынан целлофанмен, оның сыртын қалың орамалмен байлап тастап, 4-5 сағат жүру керек екен. Бұл да апалардың тәсiлi!" - дейді Тұрсынбаева.


Ақынның мұндай тақырыпта "қалам тербеуі" бекер емес. Тұрсынбаевадан жас аналар кеңес сұрап, жиі хат жолдайды екен. Өзінің бала туғанына біршама жылдың жүзі болса да, Айнұр бар білгенімен бөлісуге тырысты.


"Жас босанған әйелдiң сүтi бетке ең керемет маска екен. Терiнi жұмсартып, ағартады екен. Яғни түрлi дақтарды кетiруге болады. Және 40 күнге дейiн терлеген сайын бетiңiздi қайта-қайта сүртiп отырсаңыз, қара дақты да кетiре алады екенсiз! Мiне солай! Айтпақшы бала емізіп жүрген әйелдер - емізіп отырған кезде денесі босаңсып отырады, осы уақытты да армандауға арнаған абзал. Алла толғақтарыңызды жеңіл қылып, дені сау, иманды ұрпақты дүниеге әкелуді нәсіп етсін", - деп түйіндеді сөзін ол.  




Көрілген: 2200    Пікірлер: 0

жұма, 12.04.2019, 09:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31