Сұрақ-Жауап. Кеңес

Аю мен борсықтың майы коронавирустан сақтайтыны рас па

  • https://thinkfirsttahoe.org/

    https://thinkfirsttahoe.org/

Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева ОКҚ өткен онлайн-брифингте коронавирустан қорғануға аюдың майы әсер ете ме деген сауалға жауап берді деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

"Халықтық медицинада аюдың, борсықтың майы қолданылып жататыны белгілі. Алайда оның ешқандай ғылыми дәлелі жоқ. Мұндай майларды ішкізу арқылы пайдаланудан жазылып кететіні жөнінде нақты дәлел жоқ. Сол себепті аюдың, борсықтың майын пайдалану коронавирусты емдейді деуге болмайды", - дейді Ләззат Ералиева.

 

Сонымен бірге, Ералиева туберкулезге қарсы диспансерлердегі ахуалға да тоқталған. 

 

"Туберкулезге қарсы диспансерлерде коронавирус инфекциясына байланысты жасалатын профилактика өзге де медициналық мекемелерде жүргізілетін профилактика сияқты. Туберкулезбен ауыратын науқастар арасында коронавирус жұқтырғандар байқалмайды", - дейді ол. 

 

Осы ретте дәрігер санитарлық гигиенаны сақтау, қолды жиі жуу, бөлмені желдету, таза ауада серуендеу және қоғамдық орындарда маска тағуды ұмытпаған жөн екенін тағы бір еске салды.

 

 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.08.2021, 17:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31