Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Азаматтың мекенжайын нотариус растай ала ма?

27 қараша 2012, 11:19

Елімізге көшіп келген азаматтың мүліктерін, мекенжайын, оның мемлекеттік тіркелуін нотариус растай ала ма?
Гүлмира АСАУБАЙҚЫЗЫ,
Тараз  
ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011 жыл­ғы 28 қарашасындағы бұйрығына сәй­кес, Қазақстан аймағында тұрып жат­қан немесе тұрақты тұру үшін көшіп кел­ген азаматтарды тіркеу тіркелетін үй иесі­нің келісімімен, қажетті құжаттар не­гізінде жүзеге асырылады. Бұйрықтың 7-ережесіне орай, азаматтар төмендегі құ­жаттарды ұсынуы тиіс:
• белгіленген ереже бойынша тұрғын үй­ иесінің жазбаша келісімі мен жеке куә­лігінің көшірмесі;
• үй кітапшасының түпнұсқасы;
• тіркелушінің бұрынғы мекенжайдан шыққаны жөнінде анықтама қағаз;
• жеке куәліктің түпнұсқа үлгісі;
• әскерилер әскери билеттің түпнұс­қа­сын ұсынады.      
Заңнама бойынша меншік иесінің қо­лының жалғандығын немесе жалған емес­тігін нотариалдық жолмен растау қа­расты­рыл­маған. Ережеге сәйкес, аза­маттарды мемлекеттік тіркеу немесе тір­кеу­ден шы­ғару ішкі істер органымен жүргізіледі.