Әзербайжанға баруды жоспарлап отырған қазақстандықтар нені білуі тиіс

27 сәуір 2022, 00:00

Әзербайжанда карантин режимі кезең-кезеңімен жеңілдетілуде, бірақ көптеген шетелдіктер, соның ішінде Қазақстан азаматтарына бұл елге кіру үшін жекелеген талаптар міндетті болып қала береді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтары COVID-19-ға қарсы толық вакциналанғанын растайтын төлқұжаты, COVID-19-дан сауығып шыққаны туралы ресми сертификат немесе COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдер туралы сертификаты болған кезде ғана Әзербайжанға әуе көлігімен бара алады.

 

Айта кетерлігі, бұл құжаттардың электрондық растау атрибуттары болуы керек және оны тек мемлекет беруі тиіс. Бұл құжаттар әуежайда тіркеуден өту кезінде тексеріледі.

 

Қазақстан азаматтарының Қазақстанға шығуы үшін вакциналаудың толық курсынан (вакцинаның 3 дозасы) өткенін растайтын қазақстандық вакцинация төлқұжаты болуы қажет.

 

Басқа шет мемлекеттің вакцинация төлқұжаты болған, вакцина алмаған немесе екпенің тек бір/екі дозасын алған жағдайда, коронавирусқа тапсырылған ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы құжатты ұсыну қажет.

 

Аықтамада QR-код болғаны жөн. Өйткені ол ПТР тесттің нәтижелері туралы толық ақпаратты тезірек алуға мүмкіндік береді.

 

Осылайша, QR коды бар анықтаманы ұсынатын жолаушылар шекаралық бақылаудан жылдам өтеді.

 

Коронавирусқа тапсырылған ПТР-тесттің теріс нәтижесі туралы анықтамасы бар, бірақ QR коды жоқ жолаушылар қолданыстағы талаптарға сәйкес мұқият тексерістен өтеді.

 

Әзербайжанның құрлық шекаралары жабық.

 

Теңіз шекарасы арқылы Әзербайжанға Қазақстан азаматтарының мынадай санаты (COVID-19-ға қарсы толық вакциналанғанын растайтын төлқұжаты, COVID-19-дан сауығып шыққаны туралы ресми сертификат немесе COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдер туралы сертификаты болған кезде):

 

• Әзербайжан Министрлер кабинеті жанындағы Жедел штаб берген арнайы рұқсат негізінде;

 

• егер отбасы мүшелері (жұбайлары, ата-анасы, аға-інілері, әпке-сіңлілері, балалары, әже-атасы немесе немерелері), сондай-ақ туыстық байланыстары расталған кезде мұндай жолаушылардың отбасы мүшелері – олардың жұбайлары, ата-аналары мен балалары

 

Әзербайжан азаматтары болса;

 

• Әзербайжанда жұмыс істеуге рұқсаты барлар;

 

• Әзербайжанда тұрақты немесе уақытша тұруға ықтиярхаты бар адамдар, сондай-ақ осы азаматтардың отбасы мүшелері (ата-анасы, жұбайы немесе 18 жасқа дейінгі балалары);

 

 • Әзербайжан аумағында жақын туыстары қайтыс болған жағдайда кіре алады.