Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Азиадада допинг бақылау қалай жүргізіліп жатыр?

04 ақпан 2011, 11:28

Ақ Азиада сондай көңілді, әсерлі әрі әділетті өтіп жатқан сияқты. Өйткені әдетте спорттық ірі сайыстарда допингке қатысты даулар туындап жататын. Білейін дегенім, бұл Азиадада допинг сынағы өткізіліп жатыр ма?
Ерденбек,
студент

VII қысқы Азия ойындарының Меди­циналық қамтамасыз ету және допинг ба­қылау қызметі басқармасының бас сарап­шысы Майра Бақашева таратқан мәліметке қарағанда, Азиадада елеусіз түрде, бірақ аса мұқият жағдайда допинг бақылау жүргізіліп жатыр. Бақылауды жүргізетін мамандар Допингке қарсы бүкіләлемдік агенттіктің (WADA) стандарттары бойынша жұмыс істейді. Астана және Алматы қалаларындағы спорттық нысандарда 32 инспектор мен 81 көмекші тұлға тұрақты бақылау жүргізуде. Олардың арасында халықара­лық сарапшылар да бар. Бүгінге дейін спортшылардың басым көпшілігінен сынама алынып, нәтижелері Азия олим­пиадалық кеңесіне жөнелтілді. Бұл сынамалардың кімнен алынғандығы көрсетілмейді, сол себепті оған қатысты қорытындылар да әділетті түрде жария етілмек. Әзірше допинг қолдану деректері жөнінде ешқандай мәлімет жоқ.