Сұрақ-Жауап. Кеңес

БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ ДЕП КІМДІ АЙТАДЫ?..

  • БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ ДЕП КІМДІ АЙТАДЫ?..

    БАҚЫТТЫ ӘЙЕЛ ДЕП КІМДІ АЙТАДЫ?..

1. Әр әйелдің өмірінде ханзадаға деген сенім семіп, өзіне деген сенім бой көтеретін сәт туады.

2. Әрбір әйелге нені және кімді қалайтынын білу жеткілікті. КОКО.

3. Кінәліні іздеп әуре болма. Тағдырдан кінәлі ешкімді таппайсың. Әркім көтере алатынын жүк етеді.

4. Бақытты әйел деп кімді айтады? Жанынан өтіп бара жатқан сымбатты жігіттен көз алмай: «жейдесі қандай әдемі, күйеуіме де осындай әпермесем» деп ойлайтын әйел бақытты.

5. Әйел көрікті немесе бай азаматқа қызықпайды. Ол өзіне қамқор болатын адамды бағалайды.

6. Кейде кездейсоқ жасаған ақымақтық өміріңнің ең жарқын сәті болып қалады.

7. Адамның жарлы болғаны түк емес, жаны жұтаң болса, сол қасірет.

8. Кедей болу ұят емес, арзан болу ұят.

9. Егер еш қате жасамасаңыз, тым оңай есепті шешіп жүргеніңіз. Бұдан артық қателік жоқ.

10. Үнсіздігіңізді түсінбеген адам сөзіңіздің де қадіріне жетпес. Элберт Грин Хаббарт.

11. Егер құс ұша алса, неге басқа жаққа ұшып кетпейді деп өзімнен үнемі сұраймын. Осы сұрақты өзіме де көп қоямын. Харун Яхия.

12. Махаббат ең тиімді салым. Неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп аласың дейді. Меніңше мәселе басқада: неғұрлым көп жақсы көрсең, соғұрлым жаның мейірімге бөлене түседі. Адамның бәрі соны түсінсе, өмір сүру жеңіл болар еді. Одри Хепберн.

13. Адамның жасында айырмашылық болмайды, ал санасында айырмашылық көп.

14. Егер өмір тым жеңіл болса, құздан құлдырағаның. Тым ауыр болса, биікке өрлеп келе жатқаның.

15. Адамды келбетіне қарап емес, саған деген ілтипатына қарап бағала.

16. Ыстық сөз сенімге жетелейді. Жақсы ой қарым-қатынасты жақсартады. Ізгі істен махаббат туады.

17. Адам неғұрлым сабырлы болса, оның қауқары зор болмақ, ізгі әрі лайықты істерінің сауабы ұлғаяды. Сананың байсалды болуы &ndash даналықтың ең ұлысы. Джеймс Аллен.

18. Әрбір кездейсоқтықтың өз мақсаты, әр уақиғаның өз мәні болады.

19. Бар жауап өз бойыңда. Кітаптарда жазылғаннан да көп білесің. Бірақ соның бәрін еске алу үшін кітап оқып, өзіңе қарап, өзіңді тыңдап, өзіңе сене білу керек. Лев Толстой.

20. Тек есі кірмеген адам ғана өзгелер мен туралы не ойлайды немесе мені кім деп атайды деп уайым шегеді. Сакураны қалай атасаң да ол гүлдегенде ғажап сұлу болады. Сакума Шозан.

 

Аударған Шынар Әбілдә




Көрілген: 1732    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 15:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31