Сұрақ-Жауап. Кеңес

БАҚЫТЫҢЫЗҒА КЕДЕРГІ БОЛАТЫН 11 ЖАҒДАЙ

  • БАҚЫТЫҢЫЗҒА КЕДЕРГІ БОЛАТЫН 11 ЖАҒДАЙ

    БАҚЫТЫҢЫЗҒА КЕДЕРГІ БОЛАТЫН 11 ЖАҒДАЙ

Бақыт пен тыныш өмірді даладан іздеудің керегі жоқ. Олар біздің айналамызда. Қателік – бізден. Біз өзіміздің кемшіліктерімізді түзесек, сын пікірден аулақ болсақ тыныштықта жүреміз. Бақытты болу үшін тағы не істеу қажет?

1. «Менікі дұрыс» деген пікірден босаңыз

Біздің арамызда күйзеліс орнап, жүрек ауырып, қарым-қатынас өлуге шақ қалғанда да, өзгенің көзқарасын, пікірін қабылдай алмайтын адамдар өте көп. Мұның жанында сіздің тырмысуларыңыз ештеңеге тұрмайды.

2. Бәрін бақылауды доғарыңыз

Айналаңызда болып жатқан оқиғалардың барлығын бақылаудан тыйылыңыз. Мейлі, олар сіздің туысыңыз, бауырыңыз, әріптесіңіз, көшедегі бейтаныс адам болсын. Оларға өз болмысымен күн кешуге мүмкіндік беріңіз. Өзгеге ұнай алмағаны үшін ешкім де кінәлі емес.

3. Өзгеге кінә артудан арылыңыз

Сізде жоқ нәрсе үшін, сіздегі сезімдер үшін өзгені айыптамаңыз. Энергияңызды мұндай әурелікке жұмсамастан, өміріңізге деген жауапкершілікті мойныңызға алғаныңыз жөн.

4. Негатив ойларға орын жоқ!

Негативті ойлары мен эмоцияларына өмірін басқаруға мүмкіндік беру арқылы қаншама адам өздеріне зиянын тигізіп жатыр. Сіз мықтысыз және ұлы істер жасауға қабілетіңіз бар.

5. Шағым айтуды доғарыңыз

Сізді бақытсыз, мұңды ететін адамдарға, жағдайларға, жаңалықтарға шағым айту әдетіңізде бар ма? Дереу ес жиыңыз! Ешкімнің де сізді бақытсыз етуге қақысы жоқ, ешбір жағдай сіздің көңіл-күйіңізді басқара алмайды. Теріс сезімдерді тудыратын да жаңалықтар емес.

6. Сыннан бас тартыңыз

Сізден өзгешеленетін адамдар мен сіз күтпеген оқиғаларды сынауды қойыңыз. Адамдардың бәрі әртүрлі және бәріне бірдей ұнай бермейді.

7. Өзгеге жағымды әсер қалдыру қажеттілігінен босаңыз

Шын мәніндегі бейнеңізді жоғалтып, өзгелер үшін екіжүзді болуды тастаңыз. Бетпердеңізді шешіңіз және шынайы «меніңізді» жақсы көріңіз.

8. Өзгерістерге қарсы тұруды доғарыңыз

Өзгерістер – бұл қалыпты, олар А бекетінен Б бекетіне жету үшін ауадай қажет. Өзгерістер сіздің, біздің және олардың өмірін өзгертуге септігін тигізеді және бақытты ете алады.

9. Өткенді босатыңыз

Білеміз, бұл қиын. Әсіресе, өткен қазіргіден де ұнайтын, ал болашақ күңгірт болғанда таңдау жасау оңай емес. Алайда, осы шақ – сіздің барыңыз. Осы фактіні қабылдаңыз.

10. Қорқыныштан арылыңыз

Қорқыныш – бұл жай ғана иллюзия, ол жоқ нәрсе. Оны жасаған мына сіз. Бәрі де сіздің ойыңызда. Ішкі қарым-қатынасыңызды өзгертіңіз – сырты өз орнына келеді.

11. Өзге адамдарды күтумен өмір өткізуді тоқтатыңыз

Көпшілік өзіне тиесілі емес өмірді сүріп жатыр. Олар басқалардың: ата-анасының, достарының, ұстаздарының, үкіметтің және қоғамның дұрыс деп тапқанымен жүреді. Олар өздерінің ішкі дауысын жоққа шығарады.

Өзгелерді күтуге беріліп кеткені соншалықты, өз өміріне бақылау жасаудан қалған. Олар шын мәніндегі бақыт әкелетін жолды, шын мәніндегі қалауын ұмытып қалған, соңында өздерін де ұмытады.

Дереккөз: massaget.kz




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.02.2020, 19:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30