Бала көтертуге қай уақыт ыңғайлы?

07 мамыр 2022, 23:22

Жаңадан отбасын құрған жастар сәбилі болуды ойлады. Көп жағдайда жұбайлардың тілегі бірден болмайды. Әйел тез арада жүкті болу үшін, ер адам ең маңызды нәрсені ескеруі керек?

Бұл туралы уролог Ернұр Айнаев өзінің TikTok парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Уролог сәби сүйгісі келіп жүрген ерлі-зайыптыларға кеңес берді. Жастар отбасын құрғанан кейін тез арада балалы болуды ойлап, күнде жыныстық қатынасқа түседі. Бірақ жастардың тілегі бірден болмай жатады.

Себебі ұрық жетіліп үлгермейді. Ұрық жұмыртқаның қосқалқысында екі -үш күн жетілуі керек. Сондықтан әйелде овуляциясы басталатын күннің алдында екі күн демалыс жасаған дұрыс. Сол кезде ұрық жетіліп, әйелдің ұрығымен кездеседі, — дейді дәрігер.

Сондай-ақ уролог ер адамдар белсіздік ауруынан сақтануы керектігін айтты. Белсіздіктің негізгі себебі — варикоцеле, жұмыртқа венасының, яғни тамырының кеңеюі. Жұмыртқа температурасы дене қызуынан екі градус төмен болуы керек.

Ал жұмыртқа тамыры кеңейген кезде, қызуы да көтеріледі. Бұндай кезде жұмыртқа дұрыс жұмыс істемейді, көлемі кішерейеді. Еркек гармонының түзілуі нашарлайды. Бұның соңы белсіздік пен бедеулікке алып келу мүмкін.