Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бала туғанда берілетін төлемдерді ресімдеу жеңілдеді

  • Фото: today.kz

    Фото: today.kz

Бала тууына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-на жүгіне алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты критериінің бірі болған.

 

«Экстерриториалды қағидат тұрғылықты тіркеу орнына тәуелді болмай, клиенттерімізге қозғалыс еркіндігін береді. Оның арқасында қазақстандықтар баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, тіркелген мекенжайына қарамастан, елдің кез келген ХҚО-да бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдей алады. Жыл соңына қарай біз төлемдердің басқа түрлері бойынша да экстерриториалды қағидатты енгізуді жоспарлап отырмыз», деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасының орынбасары Біржан Жүнісов.

 

Айта кетейік, 2021 жылдың 8 айында бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақылар бойынша 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет ресімделген.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 19:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30