Балаларды коронавирустан қалай қорғауға болады: педиатрдың кеңесі – видео

03 тамыз 2021, 18:48

Коронавирус пандемиясы өршіп тұр. Қазақстанда күн сайын індетті жұқтырған мыңдаған адам тіркеліп жатыр

 

"Дельта" штаммы пайда болғаннан кейін дәрігерлер балалардың денсаулығына қатысты мәселелерді жиі айта бастады. Жаңа оқу жылының жақындап қалуына байланысты Sputnik Қазақстан тілшісі астаналық педиатр Бақытгүл Мырзабековамен балалардың денсаулығын қалай сақтау керектігі жайында әңгімелесті.

 

Дәрігердің айтуынша, санитар мамандардың балалар мен жастар арасында науқастардың саны көбейеді деген болжамы дәл келіп отыр.

 

"Балалар COVID-пен респираторлық вирустық инфекция секілді ауырады, айқын симптомдары болады. Дене қызуы көтеріліп, қатты басы ауырады, улану, әлсіздік, шаршау белгілері байқалады, оңалту кезеңінде орталық жүйке жүйесі зақымданады. Сондықтан дәрігермен байланыста болу маңызды, өйткені COVID күшейіп келеді", - дейді дәрігер.

 

Педиатр елордада ковидтен жазылғаннан кейін шағымданатын балалардың легі көбейгенін атап өтті. Олардың иммунитеті төмендеп, дәрумендер мен минералдар жетіспеушілігін сезіне бастаған.

 

Бақытгүл Мырзабекова баланың денсаулық жағдайына қарамастан жылына бір рет тапсырылуға тиіс анализдерді тізіп шықты. Сондай-ақ елордалық педиатр ата-аналарға өз баласының режимін қадағалауға кеңес берді.