Сұрақ-Жауап. Кеңес

Балаларға жаңажылдық сыйлықты қалай таңдау қажет?

  • Балаларға жаңажылдық сыйлықты қалай таңдау қажет?

    Балаларға жаңажылдық сыйлықты қалай таңдау қажет?

 Ақтөбе облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті (бұдан әрі — департамент) Жаңа жыл қарсаңында ата-аналарға сапалы және қауіпсіз тәтті сыйлық алу үшін бірнеше ережелерді ұстануды ұсынады.

Атап айтқанда, жаңажылдық тәтті сыйлықтарды сауда орындарынан сатып алу керек. Сатып алу кезінде оның орамасына көңіл аудару қажет: дайындаушы, өлшеп-ораушы келесідей ақпаратты көрсету керек: сыйлықтың салмағы, құрамы (кондитерлік бұйымдардың атауы, кәмпиттердің, шоколадтардың, бумалардың саны, дайындалған орны), өлшеп-ораған күні, сақтау жағдайы мен мерзімі, өлшеп-ораушының атауы, заңды мекенжайы (тұтынушылардан наразылықтарды қабылдау үшін), тағамдық құндылығы, өнім дайындалған нормативтік құжаты, нарықта өнім айналымының бірыңғай белгісінің болуы; Сыйлықты таңдау кезінде құрамында аз мөлшерде тағамдық қоспалар, консерванттар, біртектес майлар бар кондитерлік өнімдер жинақтарына көңіл аудару қажет.

Сондай-ақ департамент өрік сүйегі, арахис күшті аллергендер болғандықтан, оларды балалардың тамағына пайдалануға рұқсат етілмейтіндігін естеріңізге салады. Карамель, оның ішінде мұздатылған тәттілерді, құрамында 0,5% астам алкоголь бар этанол кондитерлік өнімдерді балалар жиынтығын толтыру үшін ұсынылмайды.

Департамент балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықты таңдау кезінде белгілі бір өнімдерді таңдауды ұсынады: печенье, шоколад кәмпиттері, зефир және пастилдер. Кәмпиттердің ішінде шоколадтарды таңдау керек. Шоколадтың құрамында калориядан басқа калий, кальций, магний, фосфор және ағзаға қажетті биофлавоноидтар, антиоксиданттар, А, С, Е витаминдері бар.

Клиенттің талабы бойынша сатушы сыйлықтың барлық түрлеріне сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, атап айтқанда сәйкестік декларациясын ұсынуы тиіс.

Егер сыйлық ішінде кондитерлік бұйымдармен бірге ойыншық болса, онда оның тамақ өнімдерімен бірге тұратын қаптамасы, сондай-ақ ойыншықтарға сәйкестік сертификаты болуы керек.

aikyn.kz




Көрілген: 574    Пікірлер: 0

жұма, 20.12.2019, 00:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?
    4 Қаңтар, 12:54
    Адам неге кекіреді?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29