Сұрақ-Жауап. Кеңес

Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан берілген жағдайда жәрдемақы қанша болады

  • https://kaz.zakon.kz/

    https://kaz.zakon.kz/

Өткен аптада парламент мәжілісіне мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан қорғауды көздейтін заң жобасы түсті. Құжатта мүгедектік тобын балаларға жеті жастан белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Заң жобасын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі. Онда баланың денсаулығына, мүмкіндігінің шектелуіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектік тобын 7 жастан бастап белгілеу туралы норма көзделген.

 

Министрлік Sputnik Қазақстанның сауалына берген жауабында мүгедектік тобы жеті жастан берілген кезде, жәрдемақы қанша теңге болуы мүмкін екенін айтты.

 

"Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан бастап берілген жағдайда, I топ ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,92 коэффициенті (65 860 теңге), II топ &ndash 1,59 КД (54 540 теңге), III топ &ndash 1,4 КД (48 023 теңге) шамасында жәрдемақы алады", - делінген ресми жауапта.

 

Айта кетсек, 2021 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болып бекітілді.

 

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың 4 санаты бар: 16 жасқа дейінгі мүгедек бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек бала.

 

Мүгедектік тобы балаларға 16 жастан бастап беріледі.

 

Сонымен қатар, заң жобасында мүгедек бала 18 жасқа толғаннан кейін тәрбиелеп отырған отбасы үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезектілікті сақтау көзделіп отыр.

 

Бұдан бөлек, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жетілдіру қарастырылған.

 

Еске салсақ, биыл 1 қаңтардан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5%-ке өсті.

 

Жалпы және кәсіби аурулардан, еңбекте мертігуден мүгедек болғандарға:

 

I топ &ndash 65 860 теңге;

II топ &ndash 52 483 теңге;

III топ &ndash 35 675 теңге.

 

Мүгедек балаларға:

 

16 жасқа дейін &ndash 48 023 теңге.

16 жастан 18 жасқа дейін:

 

I топ  &ndash 65 860 теңге;

II топ &ndash 54 541 теңге;

III топ &ndash 41 163 теңге.

 

 

 




Көрілген: 4670    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 19:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30