Сұрақ-Жауап. Кеңес

Балаларын қашықтан оқыту үшін жұмысын тастағандарға өтемақы төлене ме

  • Фото: Орталық коммуникациялар қызмет

    Фото: Орталық коммуникациялар қызмет

ОКҚ өткен онлайн брифинг кезінде Ералы Тоғжанов ата-аналар жоғалтқан кірістері үшін өтемақы ала ма деегн сауалға жауап берді. БАҚ өкілдерінің мұндай сұрақ қоюына қашықтан оқыту кезінде баласына көмектесу үшін көптеген азаматтардың ақысыз еңбек демалысына шығуы немесе мүлдем жұмыстан кетуі түрткі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Журналистер премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтан қашықтан оқытуға байланысты жұмысынан ажырап қалған ата-аналарға өтемақы төлене ме деп сұрады.

 

Бұған жауап берген Ералы Тоғжанов мұнда айтарлық проблема жоқ екенін айтты. Өйткені жұмысқа шыққысы келген ата-аналар жұмысын істей алады. Олар үшін балабақшалар мен мектептерде кезекші топтар мен сыныптар қарастырылған.

 

"Қашықтан оқыту форматына байланысты бүгінде үйінде отыруға мәжбүр ата-аналарға қатысты мүмкін болатын қолдау көрсетілді", - деді ол.

 

Сондай-ақ, оның сөзінше, жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған компанияларға да көмек берілген.

 

"Сіздер көтеріп отырған мәселеге қатысты мемлекет, мүмкіндігінше, барлық қажетті шараларды қабылдауда", - деді Тоғжанов.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой балалар үшін қашықтан оқыту форматын қалдыруды ұсынды.

 

Сонымен қатар, министр Қазақстанға коронавирустың екінші толқыны қашан келуі мүмкін екенін айтты.

 

"Шамамен қараша-желтоқсан айларында көрсеткіш өсуі мүмкін. Бұл COVID-19-дың болуы мүмкін екінші толқыны өткір респираторлық инфекциялар мен тұмауға байланысты", - деп мәлімдеді министр.

 




Көрілген: 361    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.09.2020, 16:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31