Сұрақ-Жауап. Кеңес

Баламен аз сөйлесудің зияны көп – зерттеу

  • Баламен аз сөйлесудің зияны көп – зерттеу

    Баламен аз сөйлесудің зияны көп – зерттеу

Бала туа салысымен онымен сөйлесе алмайтының анық. Тіпті, түнде дұрыс ұйықтамайтын баланы бағамын деп өзіңде де әл болмайды. Бала өсе келе олар әңгімеге жауап бере бастайды. Дегенмен, зерттеулер көрсеткендей, кейбір ата-аналар балаларымен мүлдем сөйлеспейді және оның ұзақмерзімді кері әсері өте көп деп жазады ВВС.


Автордың айтуынша, адамның болашағына көп әсер ететін негізгі фактордың бірі – тіл. Ал көптеген нейробиологтардың зерттеулері бала тілінің шығуы мидың дамуына жақсы әсер ететінін көрсеткен еді.


«Нейробиологтар бала сөйлей алмаса да, оған тіл қатудың пайдалы екенін анықтады. Ата-анасы көп әңгіме айтқан балалардың ой қабілеттері жоғары деңгейде болады. Яғни, пассивті тыңдау да балаға жақсы әсер етеді. Мидың әлеуметтік және тілдік қатынастарға жауап беретін бөлігі балалардың ата-анасымен қатынасына байланысты болады. Ата-анасы баласына қарап сөйлегенде тілдік қабілеттер дамиды және дүниетаным деңгейі артады», дейді ғалымдар.


Сонымен қатар, ғалымдар ата-анасы сөйлесу үшін баласына уақыт бөлген балалардың тіл байлығы жақсы болатынын да анықтаған.


«Ересектер күнделікті күйбең тірлік пен күйзелістен балалармен сөйлесуге аз уақыт бөледі. Дегенмен, біздің балалармен қалай сөйлесетініміз, оларды қалай тыңдайтынымыз олардың миының дамуына жақсы әсер етеді», делінген мақалада.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 990    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.10.2019, 11:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31