Сұрақ-Жауап. Кеңес

Баланы мектепке 6 жастан берген дұрыс па? - білім басқармасы жауап берді

  • Баланы мектепке 6 жастан берген дұрыс па? - білім басқармасы жауап берді

    Баланы мектепке 6 жастан берген дұрыс па? - білім басқармасы жауап берді

«Биыл біз ата-аналарға таңдау құқығын береміз» - Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова

Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова баланы мектепке 6 немесе 7 жасынан бастап жіберу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.


«Қаңтарда Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңға ағымдағы жылдан бастап 6 жасқа дейінгі балалар мектептерге қабылданады деген өзгерту енгізілді. Бұрын 6-дан 7-ге дейін деп жазылған болатын. Ата-аналар өздері білетін. Баласын 6 немесе 7 жаста мектепке беретін. Заңға түзетулер жылдың ортасында енгізілді, ата-аналар дайын болмады, балаларын дайындамады.


Сондықтан,биылғы жылы олар таңдау құқығына ие: баланы беру-бермеу туралы шешімді өздері қабылдайды. Бірақ, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде бала 6 жаста болса, ол мектепке баруы керек, себебі бағдарлама 6 жастағы балаға арнап дайындалған. Биыл біз ата-аналарға таңдау құқығын береміз», - деді Гүлнәр Қожабергенова брифингте.


Алайда ол, ата-аналар балаларын мектепке 6 жастан жіберу керек деп атап өтті. Себебі, 12 жылдық білім беруге біртіндеп көшу басталды. Білім басшысы 6 жасында баласын мектепке жібермеген ата-аналарға ешқандай шара қолданылмайтынын баса айтты.


«Ата-аналардың бала бағдарламаны игеріп кете алмайды деуіне негіз жоқ. Бағдарлама 6 жастағы балаға арналған», - деп түйіндеді білім басқармасының басшысы. 




Көрілген: 975    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.08.2019, 16:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31