Баланың әкесіне немесе шешесіне тартуының сыры неде?

Баланың әкесіне немесе шешесіне тартуының сыры неде?

Генетика – медицина саласының ең күрделі саласы. Аталмыш ғылым тұқым қуалаушылық пен адам денсаулығы арасындағы байланысты, адамның түр-тұлғасының, кескін-келбетінің өзгерісін зерделейді.

 

Генеология заңы балаларға қалай әсер етеді? Балалардың ата-анасынан қандай қасиеттерді қабылдайды? Яғни, баланың түр-тұлғасы мен кескін-келбетінің әкесіне немесе шешесіне көбірек тартып кетуіне 4 фактор өз әсерін тигізеді екен.

 

Доминантты (басымды) және рецессивті (басыңқы)

 

Ата-анадан балаға қандай қасиеттердің және қалай берілетініне алғаш рет XIX ғасырда назар аударылды. Дәлірегі, австралиялық биолог және ботаник, аббат Грегор Менделдің бұл бағытта жүргізген зерттеулері мен тәжірибелері осы күнгі классикалық генетиканың негізі болып қаланды.

Яғни, тұқым қуалаушылықтың молекулярлық салдары талданды.

 

Кез келген тірі организм өзінің генетикалық материалының 50%-ын әкесінен, қалған жартысын шешесінен алады. Ал олардың әке-шешесі де өздерінің генетикалық материалының 50 пайызын әкесінен, қалған жартысын шешесінен алады. Осылай кете береді.

Соған қарамастан баланың түр-тұлғасы мен кескін-келбеті кейде не бірыңғай әкесіне немесе шешесіне тартып кетеді. Мұның сыры неде немесе құпиясы қандай? Бұл құбылыстың астары доминантты және рецессивті белгілерінде жатыр. Доминанттыға, мәселен, тек қара және бұйра шашты мен қоңқақ мұрын мен қой көздіні жатқызуға болмайды. Өйткені, рецессивті және доминантты гендердің ұштасуы секілді генетикалық факторлар кездеседі. Мысалы, анасы ақсары блондин, ал әкесі жирен түсті әрі секпіл бетті болса, екеуінің де гені рецессивті болғанына қарамастан олардан туған бала әкесіне тартуы әбден мүмкін. Ұл ма, қыз ба, бұл жағы маңызды емес, бұл жағдайда жирен шаш пен пигменттелген тері басымдыққа ие болады.

*Рецесси́вті ген — доминанттық геннің әсерімен басылып қалуы мүмкін әрі фенотипте көрініс таппайтын генетикалық ақпарат.

 

Кімнің хромосомасы

 

Мектеп қабырғасында биологиядан оқығанымыздай, баланың жынысы қандай хромосомалардың жұбын қабылдайтынына байланысты айқындалады.

1890 жылдардың өзінде неміс зоологы және цитологы Герман Пауль Август Отто Хенкинг генетикалық жыныс белгісіне әрі көбіне әйелдерге қатысы бар элемент ретінде Х хромосомасына айрықша мән берген болатын. Бүгінде XX әйелдер хромосомасы жиынтығының, ал XY ерлер хромосомасы жиынтығының аббревиатурасы саналады. Өйткені, бала ата-анасының әрбіреуінен генеткалық материалдың жартысын ғана ала алады – анасынан Х хромосомасын, ал әкесінен Ү немесе Х хромосомасын ғана алады. Осыған байланысты баланың жынысы айқындалады. Егер ол ұл бала болса, онда оның бойында әкесінің Ү хромосомасы, анасының Х хромосомасы гормоналды басымдыққа ие болады, баланың сыртқы келбеті анасына тартады. Егер қыз болса, бұл жағдайда анасының жарты хромосомасын алғанымен ол әкесіне тартады. Бұл жағдайда доминантты әрі рецессивті сыртқы белгілерінің тетігі іске қосылғанын білдіреді. Я болмаса бала әкесіне де, шешесіне де бірдей ұқсайтын болады.

 

Ықтималдылық пен заңдылық

 

Баланың ата-анасының біреуіне көбірек тартып кетуі, яғни, ұқсауы тек сыртқы бет-бейнесімен шектелмейді. Анасына көбірек ұқсаған қыздың мінезі, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы әкесіне тартып жатады, тіпті, қолтаңбасына дейін ұқсауы мүмкін.

 

Ұлыбританиядағы Лестер университетінің ғалымдары өткен ғасырдың өзінде бұл тарапта талай зерттеулер жүргізіп, кейбір таңқаларлық заңдылықтарды анықтаған болатын. Әкеден ұл балаға Ү хромосомасы арқылы жүрек-қан тамыр аурулары мен шизоидтік түрінде психикалық ауытқуларлар берілетініне көз жеткізген.

 

Сондай-ақ, аталмыш хромосома арқылы әкеден ұл балаға да, қызға да бойшаңдығы да даритын болып шықты.

Әкесінің интеллектісінің жартысы ғана қыз балаға беріледі.

Ал ұл бала әкесінен ақыл-ес қабілетін алмайды. Есесіне, «қоянжырық», «апан ауыз», қортықтық секілді дерттердің 55%-ын «еншілейтін» көрінеді.

Ұл бала анасының (анасы өзінің әкесінен алған) бойындағы шығармашылыққа бейімділігін алуы мүмкін - 77%.

Осы арадағы заңдылықты қараңыз: немересі анасы жағынан атасының қабілетіне ие болуы мүмкіндігі - 65%-ға дейін жетеді.

 

Уақыт өз дегенін істейді: генге әсері

 

Кейбір қараторы ата-аналар балаларының өздерінің түсіне тарпай аққұба болғанына таңқалып жатады. Әулетімен қой көзді отбасында кейде көк көзді бала бала дүниеге келеді. Тұқым қуалауда доминантты белгі балаға неге берілмеген, деген сауал туындайды.

 

Вашингтон қаласындағы Ұлттық ғылыми қордың қоршаған ортаның биология бөлімінің директоры Сэмюэль М. Шайнер жиі кездесіп жататын мұндай жағдаятты әулеттегі ұрпақтан ұрпаққа өткен бірнеше геннің байланысымен түсіндіреді. Бірнеше ұрпақтан ауысқан гендік байланыстың нәтижесінде біреулерде генетикалық эффекті күшейеді, енді біреулерінде азаяды немесе толығымен жойылады.

 

Мәселен, шаштың түсіне, сондай-ақ, көзге жауапты генді тінде түсті істеп шығаратын меланоциттер немесе жасушалар реттейді. Сыртқы факторлардың әсері (экология, әлеуметтік жағдай, қарбалас өмір, технологиялық жетісіктер, т.б.) көп тиетін бүгінде қызғылт шашты баланың шашы өсе келе түсі қоңыр түскен енуі мүмкін.

 

Гормондардың меланоцитке әсерінің нәтижесінде. Яғни, әу бастағы әкесі мен шешесінен алған ерекшелігі есейе келе немесе жасы ұлғайған сайын жойылуы мүмкін. Бұдан бөлек, туған кезде ата-анасының біреуіне ұқсамаған бала уақыт келе бәрібір тегіне тартып кетеді.

 

islam.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста