Сұрақ-Жауап. Кеңес

"Балаңыз iPhone сұраса..." психолог кеңесі

  • © REUTERS / Stephen Lam

    © REUTERS / Stephen Lam

Психолог бала қымбат зат сұраса не істеу керектігі туралы Sputnik Қазақстан тілшісімен бөлісті.


Төреғали Батырханұлының айтуынша, қымбат дүниеге балалар да, ересектер де қызығады. Қымбат болса, сапасы жақсы болады деген ой санаға сіңіп кеткен.


"Мысалы андроидқа қарағанда, айфонның функциялары көп, қолдану ыңғайлы деп есептеледі. Ертең айфоннан да сапалы телефон шықса, адамдар оны пайдалануға асығады, Қымбат болса да, соны алады. Баға мен сапасы емес, дизайны маңызды. Алайда бұл психологиялық ауытқуға әкелмейді. Бұл адамдардың сұранысынан туындаған қажеттіліктер",- дейді психолог.


Төреғали Батырханұлы қымбат зат пен арзан заттың айырмашылығын балаға үнемі түсіндіріп отыру керектігін айтады.


"Егер қымбат затты алуға мүмкіндігіңіз болмаса, дәл сондай функциясы бар балама телефон алуға болатынын айту керек. Бала есейіп қалса, қосымша жұмыс істеп ақша табу жолдарын да көрсеткен дұрыс. Өйткені сұраған затын сатып алуға жағдай жоқ деп, тежеп тастау бала психикасына кері әсерін тигізеді", - дейді маман.


Оның айтуынша, адамдар қабілеттерін, қарымдарын көрсету арқылы бір-бірінен ерекшеленуге тырысады. Өзгелерден ерекше болу адам бойында сенім қалыптастырады.


"Адам өзінің басқалардан артық екеніне сене бастайды. Кей жағдайда ол шынайы дарын болуы да мүмкін, ал кейде адам өзін-өзі алдайды. Қазіргі тілмен айтқанда, бұл - бәсекелестік", - дейді психолог.


Ол кез келген компания қоғамды, адамдардың психологиясын әбден зерттейтінін атап өтті. Ауа райы, географиялық жағдай, психологиялық ерекшеліктерді зерттей келе, нарыққа өздерінің тауарларын шығарады. Сонда ғана олар тауарды жасауға жұмсалған шығынды ақтай алады.


 




Көрілген: 913    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 09:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...
    9 Сәуір, 11:49
    Жауапсыз махаббат
    29 Наурыз, 12:45
    WHATSAPP-ТЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
    15 Наурыз, 10:27
    Ата-ананың 4 қателігі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31