Сұрақ-Жауап. Кеңес

Барыс жылы кімдердің жолы болады

  • Барыс жылы кімдердің жолы болады

    Барыс жылы кімдердің жолы болады

Барыс жылы қай зодиак белгісіне сәттілік пен табыс әкелетінін, кімге махаббат қызықтарын сыйлайтынын материалдан оқыңыз

2022 жылы төрт шоқжұлдыз өкілдеріне міндетті түрде сәттілік серігі болады

Тоқтылардың жұмыста жолы болады. Сәттілік оларға қаржы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бұл үшін олар өздерін рухани және физикалық жағынан дамытуы қажет, деп жазады "Московский комсомолец".

Шаяндар күрделі қарым-қатынастан құтылады. Арандатушылыққа еруді тоқтап, манипуляторларға қарсы тұрады. Оларға келер жылы жаңа серігін табу оңайға түседі.

Бикештер өз-өзіне қатты көңіл бөледі. Марапат та көп күттірмейді. Тасы өрге домалайды. Өз беделі мен әлеуметтік мәртебесін көтеру мүмкіндігі пайда болады.

Тауешкілерге тағдыр хобби түрінде сый дайындап жатыр. Бұл зодиак белгісіндегі адамдардың көптен күткен арманы орындалады. Өмірлік күш-қуат жинау, демалыс уақыты келеді.

Оқи отырыңыз: Жұлдыз жорамал: 2022 жылы кімдер табысқа кенеледі

Астрологтар 2022 жылы жолы болатын бірнеше зодиак белгісін атады. Алайда бұл қалғандарын қиындық күтіп тұр дегенді білдірмейді. Жұлдызнамашылар болжамға құлақ асуға, бірақ болашаққа мақсат қойып, өздігінен әрекет етуге кеңес береді.

Барыс жылы не күтіп тұр
Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 2022 жылы 1 ақпанда келіп, 2023 жылы 21 қаңтарда аяқталады. Бұл жыртқыштың стихиясы – су, сол себепті 2022 жылдың символын су немесе қара барыс деп атайды.

Астрологтар 2022 жыл өзгерістерге толы болады деген ортақ пікірде, кейбіріне Барыс жылы түбегейлі өзгерістер әкеледі. Сондай-ақ бұл жыл қоныс аудару немесе жұмыс ауыстыру кезеңі. Әсіресе, жаңа істе бағын сынағысы келетіндер үшін сәтті жыл болмақ.

sputnik.kz




Көрілген: 1038    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 10:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31