Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бас жүлдеге лайық әнші табылмады

26 сәуір 2011, 15:37

Таяуда Астанада Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі әншілердің байқауы өтті деп естіп едім. Бірақ бас жүлде ешкімге берілмепті. Оның себебі неде?
Нұрбек,
Ақтөбе қаласы
Өткен апта соңында Астанада ұйымдастырылған дәс­түрлі орындаушылардың Ә.Қашаубаев атын­дағы VІІІ республикалық конкурсының лауреаттары анық­талды. Аталған байқау елімізде дәстүрлі әндерді насихаттауға арналған бірден бір мәдени шара болып саналады. Биылғы жылы конкурстың жүлделі орындары үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16-дан 35 жасқа дейінгі 37 орындаушы бақ таластырды. Оған Парламент Мәжілісінің де­пу­таты, белгілі әнші Бекболат Тілеухан бастаған қа­зылар алқасы төрелік етті. Бір айта кетерлігі, байқаудың бас жүлдесі ешкімге берілмеді. Мұны қазылар алқасы мүшелері: «Биылғы байқауда на­ғыз кәсіби деңгейде шеберлік таныта қойған өнерпаздар бола қоймады. Жастар әлі де шыңдала түсуі керек», – деп түсіндіріп отыр. Ал екінші жүлдені Ер­кебұлан Қасымов пен Гүлдана Ноғайбаева алды. Үшінші жүлде Аллажар Қайбар, Сәттіғали Нұр­дәулетов, Санат Исаев есімді жас әншілерге бе­­рілді. Жүлделі сыйлықтардан бөлек, ҚР Мәде­ниет министрлігінің «Үкілі үміт» аталымында Ораз­әлі Жаңабаевтың, Әділет Исмайылдың өнері ерек­ше бағаланды. Жас әнші Талғат Молдағалиевқа Қа­ли Байжанов атындағы арнайы жүлде табыс етілді.