Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді

  • Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді

    Бас санитар дәрігер той-томалақ өткізуге бола ма деген сұраққа жауап берді

Айжан Есмағамбетова елдегі эпидемиологиялық жағдай той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермей отырғанын атап өтті. Қазақстанда блок бекеттер алынып, дәмхана мен мейрамханалар ашылғанмен, әзірге той-томалақ өткізуге рұқсат берілмейді. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, қазіргі таңда отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынған", - деді Есмағамбетова тікелей эфирде.

Ол дәмхана-мейрамханаларға тіпті 20-30 адам да шақыруға рұқсат болмайтынын атап өтті.

"Біз дәмханалар мен мейрамханаларды ашқан кезде, алдымен, бір мезетте 30 адамға дейін қабылдауға рұқсат еттік. Карантинді жеңілдетудің екінші кезеңінде 50 адамға дейін рұқсат берілді. Бірақ ұжымдық шараларға тыйым салдық. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай бізге той-томалақ, діни және отбасылық шараларды өткізуге мүмкіндік бермейді", - деп түсіндірді бас санитар дәрігер.

Есмағамбетова тыйымның алынуы елдегі және әр өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда өткен тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырды

Айта кетсек, Қазақстанда төтенше жағдай 11 мамырда аяқталды. Бірінші маусымнан бастап өңірлер арасындағы блок бекеттер алынып, пойыздар жолға шықты.

5 маусымнан қалааралық автобустар қатынай бастайды. 




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 23:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Маусым, 16:36
    ЭЦҚ-ны қашықтан алу
    17 Маусым, 16:45
    Құрттың емдік қасиеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31