Сұрақ-Жауап. Кеңес

БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

  • БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

Бай боламын десеңіз төмендегі жеті әдеттен арылғаныңыз абзал.

1.     Жанаярлық

Кедей адамдардың көбісі жанаярлар екенін білесіз бе? Өз тағдырына өзі налып, «менің тағдырыма баю жазылмаған» деп айтудан еш жалықпайды. Қажырлы еңбек ешқашан сізді аш қалдырмайтынын ұмытпаңыз.  

2.     Сараң болу

Әрқашан жеңілдігі бар затқа жүгіру, акция уақытын күтіп, ақшасын артық шығармау. Сондай-ақ, балаларына да ақша аяп, сапалы білім беруін шектеу. Сараңдықтың сара жолы сізді кедейліктің дара жолына түсірмесін.

3.     Ұнамайтын іспен айналысу

Мамандығыңызды сүйесіз бе? Егер ол сізге ұнамаса өмірдегі ең үлкен кедергі осы болмақ. Күн көру үшін ғана амалсыз шұғылданатын ісіңізді қойып, жаныңыз қалаған кәсіппен айналысыңыз.

4.     Жұмысыңыздың нәтижесі тек ақшада емес

Қалтасына ақшасы түссе, масаттанып жүретін адам, ұзақ уақыт бақытты бола алады деп ойлайсыз ба? Табысты басқа құндылықтармен өлшейтін адам кедейшіліктен аулақ болмақ.

5.     Ақшаны орынсыз жұмсау

Табысты адамдар әр ақшаның жұмсалатын орнын жақсы біледі, мақсатсыз қаржы шығындау &ndash тек өз қалтасын ортайтқысы келетіндердің ісі.

6.     Жылдам пайдаға кенелу

Әп-сәтте мол пайда көремін деу кедейлерге тән қасиет. Ертең қолыңызға түсетін ақшаны ойламаңыз, бес жылдан соң қандай деңгейге көтерілетініңізге көбірек бас қатырыңыз.

7.     Шағым көп айту, әрдайым өзін өзгемен салыстыру

«Өмір қиындап кетті», «күн көру мүмкін болмай қалды» деп кімдер көп айтатынын білесіз бе? Кедейшіліктің алдында тұрған адамдар. Бәрі сізге байланысты. Өз-өзіңізді қолға алыңыз.

Өзіңізді өзгемен салыстырудан аулақ болыңыз, «ол менен ақылдырақ, ертең барып, мықты жұмысқа орналаса алады, ал мен... » деген секілді мысық-ойларға жол бермеңіз.  

 

Нұрсұлу Наймнова 

mazhab.kz




Көрілген: 5312    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 02:24

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30