Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бет күтімі кезінде жіберілетін бес қателік

  • https://mysekret.ru/

    https://mysekret.ru/

Who What Wear журналының сұлулық бөлімінің редакторы Шеннон Лоулор арулардың бет күтімі процедурасында жиі жол берілетін негізгі бес қатені атады, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Ең алдымен, Шеннон Лоулор оқырмандарына күннен қорғайтын кремді елемеуге болмайтындығын айтады. Оның айтуынша, SPF өнімдері күндіз де, бұлтты ауа-райында да күнделікті қолданылуы тиіс екен. Сарапшы ультракүлгін сәулелердің тері қатерлі ісігінің даму қаупін арттыратынын, сонымен қатар терінің құрылымын бұзатынын және ерте қартаюға соқтыратынын айтады.

 

Қышқыл өнімдермен жиі беттің сыртқы қабатын тазаламау керек. Мұндай косметиканы күнделікті қолдану эпидермистің табиғи қорғаныс тосқауылына теріс әсер етуі мүмкін, бұл шамадан тыс құрғақтық пен терінің қабынуына әкеліп соғады.

 

Лоулор атаған тағы бір қателік - бетті макияждан тазартудың бір сатылы жүйесі. Ол теріні кірден толық тазарту үшін тек бір ғана өнім жеткіліксіз екенін айтты. Осылайша, алдымен косметиканы мицеллярлық сумен шайып алу керек, сосын теріні терең тазарту үшін арнайы гельмен немесе көбікпен жуу керек.

 

Сонымен қатар, сарапшы тығыз ылғалдандырғыш кремдерді күніне екі рет қолданбауға кеңес береді.

 

Бірнеше жылдар бойы мен терімнің майлы болуы судың жетпеуінен деп ойладым. Сондықтан ұзақ уақыт күнде таңертең және кешке майлы кремдерді жағатынмын. Алайда, аталған кермдерді жағуды қалай кілт тоқтаттым, бетім жарқырап, қабыну мөлшері күрт төмендеді. Енді мен мұндай кремдерді қажет болған кезде ғана қолданамын, - деп бөлісті ол өз ойымен.

 

Сонымен қатар Лоулор безеуді өздігінен сығуға болмайтынын атап өтті. Терідегі безеуді дұрыс сықпау - сауығу процесін баяулатып, теріде тыртықтардың пайда болуына түрткі болуы мүмкін.

 

Безеуге кептіргіш-гель жағып, шыдамдылық таныту керек, ол бірнеше күн ішінде өздігінен кетуі керек, - дейді ол.

 




Көрілген: 406    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.09.2021, 18:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30