Безеуден қалай құтылуға болады: толық нұсқаулық

Безеуден қалай құтылуға болады: толық нұсқаулық

 Безеу немесе медициналық тұрғыдан айтқанда акне - терінің дұрыс жұмыс істемеуінің нәтижесі. Өлі жасушалар мен тері майлары шаш фолликуласынан шығу жолына кедергі келтіреді (бұл жерде май безі орналасқан), бірақ мұнда бактериялар оңай ене алады. Мұндай бітелген тері тесігі нәрге толы, сондықтан бактериялар көбейіп, қабынуды, яғни безеуді қалыптастырады. Көбінесе безеу бетке, арқа мен кеудеге таралады.

Безеу - бұл ең көп кездесетін тері ауруы. Онымен күресу кейде қиынға соқса да, мүмкін жағдай.

Неліктен безеу пайда болады?
Безеудің пайда болуының бірнеше себептері бар. Өкінішке орай, бұл тазалық мәселесіне қатысты емес. Бәрі әлдеқайда күрделі.

Гормондар

Біріншіден, безеу - бұл гормондардағы ауытқушылық. Бұл гормондар теріні майдың мол мөлшерін өндіруге мәжбүрлейді, сондықтан тері тесігі оны шығаруға үлгермейді.

Әдетте мұның бәрі жасөспірім шақта болады және ең көбі 30 жасқа келгенде өтеді, бірақ әрқашан емес. Кейде бұған гормоналды деңгейдің ерекшеліктері (олар генетикалық түрде анықталады), ал кейде - аурулар кедергі келтіреді.

Бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Егер сізде гормондар толқып, жыныстық жетілу кезі өтіп кетсе және безеулер жоғалмаса, онда олар сіздің барлық белсенді өміріңіз бойы болады және сіз олармен бірге өмір сүруді үйренуіңіз керек.

Тері түріне сәйкес келмейтін косметикалық заттарды қолдану

Маймен жасалған кез-келген косметикалық зат безеудің пайда болу қаупін арттырады. Тым агрессивті тазартқыш заттар да зиянды. Сондықтан жұмсақ, су негізіндегі өнімдерді қолданыңыз және безеулерді ысқыламаған жөн.

Дұрыс тамақтанбау

Зерттеулер тағамның безеуге ешқандай қатысы жоқ екенін көрсетеді. Бірақ ерекше жағдайлар да болады. Кейбір адамдар үшін безеуді кетіру үшін тәтті немесе сүт өнімдерінен бас тарту жеткілікті. Сондықтан бұл тәсілді байқап көруіңізге болады: бәлкім көмегі тиіп қалар.

Күйзеліс

Күйзеліс гормоналды жүйеге тікелей байланысты болғандықтан, үнемі мазасыздық пен алаңдаушылық терінің жағдайын нашарлатуы мүмкін. Сонымен, егер сіз аса мазасызданған болсаңыз және келесі күні таңертең сізде безеулер пайда болса, бұл жағымсыз болса да, қалыпты жағдай.

Безеулер қандай болады?
Безеу - көп түрінің бар болуы және бір адамға бір мезетте бірнеше түрі өсуі мүмкін болғандығына байланысты мүлдем ерекше нәрсе.

Безеулердің кейбір түрлері іс жүзінде жай бактериалды инфекция болып табылады, ал кейбіреулері жылдам пайда болып, тіндерді некрозға (өлі еттену) ұшыратады және жүйелік аурулармен байланысты болады. Бірақ бұл әдеттегі безеулерге қатысты.

Ашық комедондар

Қара нүктелер деп аталатындар. Бұл нүктелердің көлемі сіріңкенің басынан үлкен және тереңдігі бір сантиметрге жетуі мүмкін. Майдың көп мөлшері қара нүктенің астында жинақталады.

Қара түсті болу себебі, сіз ойлағандай, ластанудан емес, олар ауамен байланысып, тотығуынан екен. Кейде олар қара түске боялмайды, бірақ қара-сары болып қалады.

Жабық комедондар

Сипаты ашық нүктелерге ұқсас келеді. Бірақ беті жұқа тері қабатымен жабылғандықтан, ішіндегі май тотықпайды және ақ болып қалады.

Папула

Ақ дақтары жоқ кішкентай қызыл бөртпелер. Кейде орны ауырсынуы мүмкін. Оларды тері астындағы безеу деп те атайды.

Пустулалар

Олар әдеттегі безеулерге ұқсайды: қызыл қабынған аймақ, ал ортасында алдымен сұйық күйде болатын, содан кейін қатаюы мүмкін ақ зат (кеңес: сұйық күйдегісіне тиіспеген жөн). Бұл заттың құрамында ірің болады.

Түйіндер

Теріде терең орналасқан, оның үстінен шығып тұратын қатты түйіндер. Олар қатты ауырып, қышуы және ыңғайсыздық келтіруі мүмкін.

Сарысулы ісіктер

Бұл безеудің ең қиын түрі. Тері астында қол жетімді құралдардың көмегімен қол жеткізуге келмейтін көптеген түйіндер болады. Бұл сарысулы ісіктер тыртықтың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Нәрестелік безеу

Емдеудің немесе қол тигізудің қажеті жоқ безеулер бар: олар нәрестелерде пайда болады және ешқандай емді қажет етпейді. Бұл - нәрестенің қанында ана гормондарының болуына жауап. Ол өздігінен жойылады. Ата-анасы безеуге неғұрлым аз назар аударса, соғұрлым тезірек кетеді.

Безеулері бар теріні қалай күту керек
Сонымен, безеулерге қарамастан, теріні күту керек. Есіңізде болсын, безеуді емдеу және теріні күту бірдей нәрсе емес.

Тазартқыш заттар. Ылғалдандырылған бетті және безеуден зардап шеккен басқа жерлерді күніне екі рет ақырын уқалаңыз, содан кейін жақсылап сумен шайыңыз.
Ортақ орамалды ешқашан қолданбаңыз. Бір рет қолданылатын майлықтарды қолданған дұрыс, әсіресе бет үшін. Немесе бір реттік заттарды алмастыру үшін қол орамалдарының бір қапшығын сатып алып, ыстық суға жуыңыз да, жақсылап үтіктеп қолданыңыз.
Скрабтар. Тек безеудің жеңіл түрлеріне арналған және аптасына бір реттен көп емес. Кішкене бөлшектері барын таңдап, мұқият сумен шайыңыз.
Тазалағаннан кейін дәрі-дәрмектерді зардап шеккен аймаққа абайлап жағыңыз.
Жуынуға арналған гельдер мен сабынды күніне бір рет жұмсақ жөкемен жағыңыз. Жиі жуынатын болсаңыз, тек суды қолданыңыз.
Безеуді қалай емдеуге болады?
Егер безеуден бір ретке ғана құтылып қоймай, сондай-ақ безеудің пайда болуын азайтатын байыпты емдеу туралы айтатын болсақ, онда бетке арналған маска мен сұлы жармасынан гөрі күрделі әдіс-тәсілдер қажет болады.

Ол үшін келесі өнімдерді қолдануға болады:

Антибиотиктер. Жергілікті (яғни, олар теріге қолданылады) және дәрі түрінде.
Ретиноидтар. Бұл сырттан қолданылатын заттар.
Ауызша контрацептивтер. Олар тек әйелдерге тағайындалады және бұл дәрілер терінің жай-күйін айтарлықтай жақсарта алады, өйткені олар гормоналды деңгейді толығымен өзгертеді.
Қышқылдар (мысалы, салицил немесе азелаин) және бензоил пероксиді.
Изотретиноин. Ол аса ауыр жағдайларда тағайындалады, өйткені оның ауыр жанама әсерлері бар: жарыққа сезімталдық пен тамақтың құрғауынан бастап агрессия, жүрек айну мен бас ауруына дейін. Бұл дәріні қолдану кезінде әйелдер тіпті жүкті болмауы керек (нәрестеге әсер етеді). Бірақ оның әсері өте жақсы әрі тез байқалады. Әрине, оны тек дәрігер тағайындайды.
Үй жағдайында дайындауға болатын және табиғи емдеудің қандай әдістері көмектесе алады?
Безеулерді емдеуге көмектесетін табиғи өнімдер:

Шай ағашының майы.
Ірі қара малдың шеміршегі.
Мырыш.
Сыра ашытқысы.
Бұл өнімдер әртүрлі косметикаға қосылады, құрамында осындай өнімдері бар біреуін таңдаңыз.

Безеулерді біржолата кетіретін үй жағдайында дайындауға болатын өнімдер болмайды. Егер қышқылдарды мөлшерден тыс қолдансаңыз, абайсыздан теріңізді күйдіріп алуыңыз әбден мүмкін. Бұл жағдайда сізде безеуден гөрі күрделі мәселелер пайда болады.

Маскалардың бір жағынан көмегі болуы да, болмауы да мүмкін, сондықтан үй жағдайында дайындалған өнімдерді көп қолданбаған жөн.

Үйде бетіңізді қалай тазартуға болады?
Негізінде, мұны істемеген дұрыс. Дерматологқа немесе косметологқа барған жөн. Бірақ көбінесе тері тесіктері тез бітеліп қалатындықтан, жұмысқа барғаннан гөрі дәрігерге жиі бару қажет болады. Мұндай жағдайда қажет емес заттардың бәрін тері астынан шығаруға көмектесетін арнайы құралдар жиынтығы болады екен.

Шын мәнінде, бұл - «бәрін сығудың» бұрыңғы жақсы әдісі, айырмашылығы: құралдар теріні азырақ зақымдайды, инфекция мен із қалдыру қаупі азаяды.

Косметикалық ілмектер, сорғыштар, пинцеттердің де өзіндік пайдалану ережелері бар:

Барлық тазалау процедуралары таза теріде жасалуы қажет, ал кейбір хлоргексидин сияқты жеңіл антисептиктер дайын болуы керек.

Бір нәрсені алып шықсаңыз, ерінбей құралды жуыңыз, жоқ дегенде оны антисептик қосылған мақтамен сүртіңіз.

«Ауыр артиллерияны» сабын мен маска сияқты жұмсақ өнімдер тері тесігін тазарта алмағаннан кейін ғана қолданған жөн.

Қызыл түстілердің бәрі - бұл қабыну. Қабынған жерлерге тиіспеген жөн.

Безеулерден қалған іздер мен тыртықтарды қалай емдеуге болады?
Безеулердің көптеген түрлері тыртықтар мен іздер қалдырады. Бірақ сіз қарапайым безеуді қате түрде сығып алсаңыз, оның орнында тыртық немесе кем дегенде пигментті дақ пайда болады.

Безеулерді емдеуге арналған әдіс-тәсілдер аз. Олардың барлығы теріні қандай да бір түрде жарақаттайды және әрқашан тиімді бола бермейді.

Химиялық пилинг. Бұл әдісте қышқылдар көмегімен жеңіл тыртықтарды азайтуға тырысады.
Лазерлік тегістеу. Лазердің (тиімділігі мен қауіптілігі әр түрлі деңгейдегі) бірнеше түрі бар , бірақ олардың ешқайсысы керемет нәтиже бермейді.
Толтырғыштар мен филлерлер. Кейде тыртықтар терінің қартаюына байланысты көбірек байқалады, ал безеу іздері тереңдей түседі. Филлерлерді қолдану (әжімдерге қарсы) тыртықтардың тегістелуіне көмектеседі.

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста