Сұрақ-Жауап. Кеңес

Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар

  • Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар

    Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар:
Еgov.kz арқылы:
Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз;
Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз;
Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз.
Есіңізде болсын
Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек.

Қызмет көрсету уақыты &ndash 15 жұмыс күні.

ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін:
Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңыз. Бронды растау үшін ХҚО-ға 20 минутқа ерте келіңіз;
ХҚО операторы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» қызметіне өтініш қалдырыңыз;
Қажетті құжаттар тізімі:
Туу туралы куәлік немесе жеке куәлік;
Өтініш беруші кәмелет жасына толмаған азамат болса, оның ата-анасы немесе заңды өкілінің құжаттары.

Есіңізде болсын
ХҚО-ға бармас бұрын білім беру орынының мекенжайын, дұрыс атауын, оқу орнының атауы өзгерген болса, оның жаңа атауын, пошта индексін біліп алыңыз.
Егер білім беру орны жабылып қалса, сұратылған құжаттың телнұсқасы жергілікті мұрағатқа сұрау жіберу арқылы алынады.

Қызмет көрсету құны &ndash тегін.
Қызмет көрсету мерзімі құжат тапсырған күнді есепке алмағанда 30 жұмыс күнін құрайды.




Көрілген: 3718    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 11:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30