Бөдене жұмыртқасының қанша қасиетін білесіз?

Бөдене жұмыртқасының қанша қасиетін білесіз?

 Бөдене жұмыртқасының емдік қасиетін адамдар ерте кездерден бастап-ақ білген. Оның денсаулыққа пайдасын алғаш рет зерттеген жапондықтар болған. Бөденені олар Қытайдан алдырған. Ал, қытайлық емшілер мұны ежелгі кезден халықтық медицинада емге пайдаланған әрі оны құпия ұстаған. Жапондықтар бөдене жұмыртқасының емдік қасиетін зерттеп, жүйке жүйесі мен зеректік қабілетті арттыратынын анықтады.

Жалпы бөдене сальмонеллез және өзге де жұқпалы инфекциялық аурулармен ауырмайды екен. Сондықтан оның жұмыртқасын шикі күйінде пайдалана беруге болады. Қабығының 90 пайызы кальций карбонатынан тұрады. Енді, бөдене жұмыртқасының дертке қалай пайдалану керектігі жөнінде кеңестерді ұсынамыз.

Аурудың алдын алғыңыз келсе...

Жұмыртқаны үлкендермен қатар балалар үшін де пайдалану қауіпсіз саналады. Оны шикі күйінде таңертең ашқарынға тамақтан 30 минут бұрын, артынан су немесе шырын ішеді. Ешқандай аллергиялық жағдай туғызбайды.

Қолданылуы: 1 жастан 3 жасқа дейін күніне - 1-2 жұмыртқа; 3 жастан 8 жасқа дейін күніне - 2-3 жұмыртқа; 8 жастан 12 жасқа дейін күніне - 3-4 жұмыртқа, 12 жастан 18 жасқа дейін күніне - 4 жұмыртқа, 18 жастан 50 жасқа дейін күніне - 5-6 жұмыртқа, 50 жас және одан жоғары күніне - 4-5 жұмыртқа. Емдік курс жүйелі түрде үздіксіз 3-4 айға жалғасады. Екі аптадан соң-ақ нәтижесі біліне бастайды. Жұмыртқаны ботқаға, картоп езбесіне, қуырып, сорпа немесе шырындармен араластырып пайдалана аласыз. Дегенмен мұндай уақытта оның құрамындағы пайдалы заттар құндылығы төмендейді.

Аллергияға қарсы

Бұл емдік тәсіл балаларға арналған. Үлкен жастағы аллергия дерті мазалайтын науқас жандарға да жарайды. Жұмыртқа құрамындағы өте пайдалы микроэлементтер мидың дамуына жақсы әсер ететіндіктен жас өскіннің ұғымтал, зерек болып өсуіне ықпал етеді. Ол үшін: шикі жұмыртқаны аздап тұздап, балаға береді. Артынан жылы су ішеді.

Демікпеге дес бермейді

Жұмыртқаны балмен араластырып, таңертең (1 дана) және кешке (2 дана) астан 3 сағат бұрын ішеді. Пайдалану мерзімі 40 күн. 14 күн демалып емді қайта жалғастырады.

Дәрі-дәрмекті алмастыра алады

Болгар зерттеушілері бөдене жұмыртқасы «Виагра» таблеткасын алмастыра алады деген тоқтамға келіп отыр. Олар «Жастық шақ» деген коктейль ойлап тапқан. Оны былай дайындайды: 120 гр. кола, 20 гр. коньяк немесе ром, 1 тілім лимон, шай қасық шекер, 2 бөдене жұмыртқасы. Қоспаға газдалған су қосады.

Артрит, остеохондроз, ревматизм

4-5 жұмыртқаны жарып, стақанға салып, үстіне сірке эссенциясын құяды. Екі күн қояды, бірақ қоспаны араластырмайды. Екі күн өткен соң қоспаға 100 гр. тұздалмаған сары май қосып, жақсылап қозғайды. Дайын болған майды ауырған жерге жағады.

Асқазанға да шипа

Жұмыртқаның қабығын майдалап, үгітеді. 1-3 шай қасық жұмыртқа ұнтағын тілдің үстіне салып, артынан көп көлемде су ішеді. Мұны күніне 2 рет жасайды. Нәтижесі көп күттірмейді.

Баладағы диатезге қарсы

Лимонды жуып, дәнінен ажыратып, бір тілімін алады. Үстіне бөдене жұмыртқасының ұнтағын үгітіп, себеді. Науқас балаға күніне бірнеше рет береді.

Бөдене жұмыртқасы әсіресе, егде жастағы қарт адамдарға пайдалы. Буындағы ауырсынуды басады, есту мен көру қабілетін арттырады. Науқастың ыстығы көтерілгенде мынадай шипалық дәрмек жасаған: 100 мл. араққа 5 жұмыртқа, 1 ас қасық шекер қосып, араластырып, емге қолдануға болады.

kz.el24.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста