Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бөлмелердi бүлдiрсеңiз, айыппұл төлейсiз

06 мамыр 2011, 17:52

Пәтер сатып алған едiк, алдыңғы иесi пәтердiң iшiн жаңадан жоспарлап, бiрақ заңдастырмапты. Ендi мен айыппұл төлеуiм мүмкiн бе?
 Мамыр КӘРIБАЕВ,
Көкшетау қаласы
Пәтер сатып алғанда құжаттарға мұқият қараған дұрыс. Егер пәтердiң iшкi жоспары құжатпен сәйкес келмесе, пәтер иесiнен заңдастыруды талап етiңiз. Ал сәйкессiздiктi сатып алғаннан кейiн байқаған жағдайда өзiңiз заңдастырғаныңыз абзал. Жаңадан жоспарланғаны үшiн қосымша коммуналдық төлемақы төлемейсiз. Бiрақ пәтердi жаңадан жоспарлау жалпы үйге берiлетiн жылу энергиясының арақатынасына әсерi болатындығын ескерiп, «Жекеменшiк пәтер иелерi кооперативi» тиесiлi органдарға үстiңiзден шағым түсiруi мүмкiн. Бұл жағдайда Алматы қалалық мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасы шағымды қарап шығып, айыппұл салады және заңдастыруды талап етедi. Өйткенi пәтердi жаңадан жоспарлау үшiн Алматы қалалық мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау басқармасының рұқсаты болуы тиiс.