Бір ай нан жемеудің соңы неге апаруы мүмкін

Бір ай нан жемеудің соңы неге апаруы мүмкін

Бір ай бойы рационыңыздан нанды алып тастасаңыз, әрине, ең алдымен салмақ жоғалтатыныңыз анық. Сондықтан мұндай тәсілге көбінесе артық салмақпен қош айтысқысы келетіндер жүгініп жатады. Бірақ нан өнімдерінен үзілді-кесілді бас тарту ағзаға зиян деп отыр Inosmi.ru.

 

Медицина консультанты, дәрігер Усама Абу ар-Руб наннан бас тартсаңыз, салмағыңыз азайып қана қоймай, организмдегі су да азаяды дейді. Себебі ағзаға көмірсу аз түссе, бұлшықет пен бауырдағы гликоген түрінде жиналған энергия қоры жағыла бастайды. Осының салдарынан организмнен артық су шығып, салмақ азаяды. Сондай-ақ тәбет те төмендейді. Оны ғалымдар нанның құрамында болатын рафинадталған көмірсулардың қандағы қант деңгейін бірден көтеретіндігімен байланыстырып отыр. Ондай жағдайда организм оны бірден инсулиннің көмегімен төмендетуге тырысып, нәтижесінде адам қарны ашқанын түсінеді.

 

Ғалымдар наннан толықтай бас тарту организмге зиянды екендігін алға тартты. Себебі нанның құрамында болатын тұтас дәнді ұн магний мен В тобы дәрумендерінің және ағзаға қажетті өзге де пайдалы заттардың қайнар көзі екені анық. Сонымен қатар қандағы холестерин деңгейін қалыпта ұстап, жүрек ауруларының, инсульт, семіздік, 2-типті диабеттің алдын алуға көмектеседі.

 

Денсаулығыңызды сақтау үшін тек рафинадталған ұннан жасалатын ақ нанды шектеу жеткілікті көрінеді.

 

 

 

BAQ.KZ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста