Сұрақ-Жауап. Кеңес

Бұрымды ару қолаң шашты болудың құпиясымен бөлісті

  • Фото: fb.ru

    Фото: fb.ru

Қыз-келіншектер үшін қолаң шашқа қол жеткізу арман. Бірақ оған жету үшін екі шартты орындау керек, деп жазады  Skifnews.kz ақпарат порталы, Lifter.com.ua дерегіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, шашты өсіру үшін барынша шыдамды болып, оған ерекше күтім жасау маңызды. Екіншіден, шаштың жақсы өсуі генге байланысты: егер шашыңыз дүниеге келген сәттен бастап сынғыш әрі сирек болса, мұндай жағдайда косметикалық заттар мен түрлі сусабындардыі әсері болмайды.

Шаш өсірудің екі тәсілінде де 34 жастағы одессалық Алена Кравченконың жолы болып тұр.Таныстары оның шашының ерекшелігі мен ұзындығына қарап,Рапунцель деп атайды.

«Мұндай шашпен жүру, оған үнемі күтім жасау маған қиын емес.Себебі шашым мен үшін бақыт, ұзын шаш – сұлулығым және байлығым!», – дейді Алена.

Айтпақшы, қолаң шашты қыз шашын ешқашан фенмен кептірмеген екен. Тіпті, шашын бұйралау үшін арнайы құралды да қолданып көрмепті. Оған қоса, шашын ылғал,су күйінде тарамайды екен. Алена шашын өсіргісі келетін арулар үшін кеңесін де айтып берді.

Бұрымды қыздың сөзіне сенсек, нәрлендіру үшін табиғи маскалар, түрлі майларды қолданған жөн.Мұнан өзге, кептірілген жемістер, жаңғақтар мен үй сүзбесін жиі тұтынуға кеңес береді.
 




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.01.2020, 22:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31