Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Чебурашка қандай аң?

10 маусым 2011, 11:17

Чебурашка шынайы өмірде бар аң ба? Болса, қай елде өмір сүреді? Неге осы күнге дейін бір чебурашка көрмейміз?
Жалғас Омаров,
Алматы қаласы
Қалқан құлақ кейіпкердің «әкесі» – «Қолтырауын Гена мен достары» атты шығарманы жазған Эдуард Успенский деген балалар жазушысы. Негізі, ұшқыш мамандығын меңгер­генімен, бір күн әуеде ұшып көрме­ген бұл тұлғаны танымалдылық биігіне шығарған осы туынды болса керек. 1966 жылы дүниеге келген мультфильмнің қызықты кейіпкері жайлы талас көп. Бір дерек Чебураш­каның тегін Африканың Мароккосын мекен етуші құйрықсыз маймыл макака дейді. Мароккодан Қара теңіз арқылы импортпен келген апельсиннің арасына түсіп кеткен ол солайша кездейсоқ Одессаға кел­ген­ге ұқсайды. Бұған Э.Успенскийдің өз естелігінде айтылған ой да сәйкес келетіндей. Одесса портында деректі фильм сценарийін жазып жатқан жазушы бір күні банан тиелген жәшіктен үлкен таңғажайып бір аңды көзі шалып қалғанын айтады. Есінде қалып қойған сол аңды кейін қиялымен дамытып, мультфильмге косқан көрінеді. Ал Чебурашка деген атты әдейі ебедейсіз қылықтары үшін қойған екен. Орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «чебурах­­нуться» ұғымы «құлап қалу, күл-тал­қаны шығу» дегенмен қатар «құласа да, қайта тұратын ойыншық» мағы­насында да қолданылады екен.