Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Даңқты Карл Льюис саясатқа бет бұрды

15 сәуір 2011, 15:15

Әйгілі америкалық жеңілатлет Карл Льюис сенат депутаты болғысы келеді екен. Қазір өзі қайда? Жасы нешеге келді екен?
Сайлау М.,
Астана қаласы
Карл Льюис 1961 жылы 1 шілде күні Алабама штатында туған. Бұйырт­са, биыл ердің жасы 50-ге толады. Бүгінде, негізінен, Нью-Джерси штатында көбіне қайы­рымдылық қызметтерімен айна­лысады. Негізгі қызметі (алданышы) – жергілікті мектептердің біріндегі жеңілатлеттер командасын жат­тықтыру. Жеңімпаз Льюисті мұндай қарапайым істер жалықтырса керек, енді ол Нью-Джерси штатының сенатына өз канди­датурасын ұсы­нуда. Әрі «мақсатым – штаттағы білім беру жүйесін жетілдіру, бала­лар мен зейнет­керлерге көмектесу» деп осы дүй­сенбі күні баспасөз мәжілісін өт­кізіпті.
Естеріңізге сала кетейік, Карл Льюис – тоғыз дүркін Олимпиада чемпионы, сегіз дүркін әлем чемпионы. Үш мәрте әлемнің ең үздік жеңілатлеті болып танылған.