Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрі бағасы өссе, кез-келген адам мына қосымша арқылы тура министрлікке шағымдана алады (видео)

  • Дәрі бағасы өссе, кез-келген адам мына қосымша арқылы тура министрлікке шағымдана алады (видео)

    Дәрі бағасы өссе, кез-келген адам мына қосымша арқылы тура министрлікке шағымдана алады (видео)

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі DariKZ атты жаңа мобильді қосымшаны жарыққа шығарды.


Ендігі уақытта қазақстандықтар үйден шықпай-ақ дәрілердің бағасын біле алады. Ал дәріханада баға өсіп кеткен жағдайда қолданушы шағым жасай алады. Елдегі дәріханалардың бір-бірінен асып түсетін баға нарығының беталысына қарасақ, қолданушылардан түсетін шағымдар көп болатын сияқты. Осындай мүмкіндік үшін дәріге мұқтаж қалың жұрт министрлікке алғыс айтар. Егер қосымша арқылы шағым жасағыңыз келсе, төмендегі шарттарды орындайсыз:


- іздеу функциясына дәрінің атын енгізу;


- «Шағымдану» деген батырманы басу;


- тіркелу куәлігінің номерін енгізу;


- дәрінің қалыпты бағасын тексеру;


- дәріхана орналасқан аймақты белгілеу;


- дәріхананың атауы мен мекен-жайын көрсету;


- өз номеріңізді қалдырып, көңіліңіз шапқан пікірді жазуға болады. Бұл шарттарды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жария етті. Сіз шағым жасаған бойда, «Шағымдар» бөлімі толығып отырады. 





Көрілген: 712    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.08.2019, 12:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31