Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігер жылдам әзірленетін кеспенің қандай зияны бар екенін айтты

  • Дәрігер жылдам әзірленетін кеспенің қандай зияны бар екенін айтты

    Дәрігер жылдам әзірленетін кеспенің қандай зияны бар екенін айтты

Ресейлік эндокринолог Екатерина Иванникова "Звезда" телеарнасына берген сұхбатында жылдам әзірленетін кеспенің қауіпі жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, жедел кеспемен жиі тамақтану ағзадағы ақуыз жетіспеушілігін тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде адамның салмағы мен бұлшықет массасының қалпына теріс әсер етеді.
"Кеспені шектен тыс жеуге болмайды. Егер тек кеспе жесе, онда адам ақуыз жетіспеушілігіне байланысты қауіп-қатер тобына кіреді, бұл оның денсаулығына, салмағы мен бұлшықет сапасына әсер етуі мүмкін", - деді Иванникова. Айтуынша, дәмдеуіштерге қатысты бөлек күмән бар.

"Кез келген жылдам дайындалатын кеспе не күріштен, не бұршақ тұқымдастар немесе бидай өнімдерінен дайындалады. Кеспеге жұмыртқа, су, тұздан басқа ештеңе қоспайды. Дәмдеуіштерге қатысты сұрақ туындайды, көбінесе оларда зиянды қоспалар көп болады", - дейді медицина ғылымдарының кандидаты. 


Тамақ ішуді шектеу өмірді ұзартып, жастық шақты сақтайды 


Сонымен қатар, маман мұндай кеспемен бірге әрдайым сатылатын қоспалардың құрамындағы дәмдеуіштер ағзаға ерекше зиян келтіретінін атап өтті.

Дәрігер кез келген жедел кеспені аз мөлшерде жеп, дәмдеуіштерден максималды түрде бас тарту қажеттігін атап өтті.




Көрілген: 830    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 02:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30