Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігер Кавасаки синдромы балаларды қорғау жолдарын айтты

  • Дәрігер Кавасаки синдромы балаларды қорғау жолдарын айтты

    Дәрігер Кавасаки синдромы балаларды қорғау жолдарын айтты

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева балаларда тіркеліп жатқан кавасакиге ұқсас синдром жағдайына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Осы жылдың наурыз айынан бері елде 2,5 мың бала коронавирус жұқтырып алды. Қазіргі уақытта балалардың коронавируспен ауыру жағдайы тұрақты. Балаларда коронавирус инфекциясынан кейін туындайтын мультижүйелі қабыну синдромы немесе кавасакиге ұқсас синдром бойынша да жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта бұл синдроммен тіркелген балалардың саны &ndash 39. Олардың 60 пайызы емделіп, ауруханадан жазылып шықты. 40 пайызы ем алуда», - деп келтірілген Риза Боранбаеваның сөздері coronavirus2020.kz-Telegram-ында. Орталық басшысының айтуынша, кавасакиге ұқсас синдром анықталған барлық бала COVID-19-бен ауырғаны тіркелуде. Оның клиникалық белгілері &ndash дене қызуының 38 градусқа дейін көтеріледі. Температура 24 сағатқа дейін сақталып, парацетамол, ибупрофен секілді ыстық түсіретін дәрілердің әсері болмайды. Сонымен бірге денеде бөртпе, іштің ауруы, диарея секілді белгілер пайда болып, тыныс алу жолдары зақымдалады, жөтел, тыныс жеткіліксіздігі, ентігу, жүрек тұсының ауыруы, конъюктивит пен алақанның домбығып ісінуі байқалады. «Ауруды үйде емдеудің қажеті жоқ. Себебі ол өте ауыр өтеді. Тіпті кейде интенсивті реанимациялық көмек те қажет болуы мүмкін. Сондықтан осындай ауру белгілері пайда болса бірден учаскелік дәрігерді шақыру керек», - дейді маман. Басқа аурудан қарағанда кавасаки барлық жастағы балаға қауіп тудыруы мүмкін. Тіпті 21 жасқа дейінгі жастардан да анықталып жатады. Бұл аурудың алдын алу үшін Риза Боранбаева мынадай кеңес береді: - эпидемияға қарсы барлық шаралар &ndash маска режимі мен арақашықтық режимін қатаң сақтау; - адамдар көп шоғырланатын жерлерге, балалар алаңдарына, сауда орталықтарына бармау; - балаларға қолымен бет-жүзін ұстатпай, қолын жууға үйрету; - үйде ойыншықтарды тазалау; - жедел вирусты инфекциясының белгілері бар адамдарға жақындамау; - дұрыс тамақтанып, денеге қатты қысым түсірмеу.




Көрілген: 411    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.09.2020, 17:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31