Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігер кімге қарбыз жеуге болмайтынын айтты

  • Дәрігер кімге қарбыз жеуге болмайтынын айтты

    Дәрігер кімге қарбыз жеуге болмайтынын айтты

Диарея, несеп-таз ауруы, атеросклероз және қуықасты безінің аденомасына шалдыққандарға көп мөлшерде қарбыз жеуге болмайды. Құрамында дәрумендер көп болғандықтан және ағзадағы сұйықтық қорын толықтыру мүмкіндігіне ие болуына байланысты қарбыз денсаулыққа пайдалы жеміс саналады.

Алайда бұл өнімді тұтыну кезінде бірқатар мәселені назарға алған дұрыс. Бұл туралы "Доктор Питер" порталына берген сұхбатында Виноградов атындағы қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Ольга Шарапова айтып берді.

Қарбыз құрамында көп мөлшерде А, В6 мен С дәрумендері, сондай-ақ денсаулыққа оң ықпал ететін құнарлы зат – фитонутриенттер бар. Сонымен қатар күннің ыстық кезінде ағзадағы сұйықтық қорын тиімді толықтырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.

"Қарбыздың құрамы 90% судан тұратындықтан, ол шөлді жақсы қандырады. Сонымен қатар қарбыз аштық сезімін де баса алады. Қарбыз адамның қан тамырларына тиімді әсер етеді және қан қысымын төмендетеді. Ол ағзадағы пайдасыз қалдық заттарды жақсы шығарады", - деді Шарапова.
Қарбыз ағзаға магний, фосфор, кальций және натрий сынды дәрумендер жеткізеді және қарапайым суға қарағанда электролиттердің шығынын толтыруға көмектеседі.

Алайда бұл жеміс түрін жеуге тыйым салынған адамдар тобы бар.

"Біз, дәрігерлер, диарея, несеп-таз ауруы, атеросклероз және қуықасты безінің аденомасына шалдыққан адамдарға қарбызды аз мөлшерде жеуге кеңес береміз. Жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар науқастарға да қарбыз жемеген абзал", - деді дәрігер.

Сарапшылардың пікірінше, қарбызды 200-300 грамнан күннің бірінші бөлігінде жеген дұрыс. Сонымен қатар ас қорыту жүйесінде проблема туындамас үшін оны басқа аспен араластырмай жеу керек. Сол сияқты қарбызды тамыз айынан ерте жеу улану қаупін арттырады.




Көрілген: 1555    Пікірлер: 0

жұма, 16.07.2021, 13:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31