Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігер Комаровский COVID-19-ға қарсы қай кезде вакцина салдырмау керегін айтты

  • https://1prime.ru/

    https://1prime.ru/

Украинаның танымал дәрігері Евгений Комаровский "Украина 24" телеарнасы эфирінде коронавирусқа қарсы вакцинаны қай кезде салдырмау керегін айтты, өйткені ол жағдайда вакцина тиімсіз болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Бұл - жұқпалы аурудың өткір кезеңі, қандағы интерферонның жоғары деңгейі, вакцина әсер етпеуі мүмкін. Әрі қарай, иммуносупрессивті терапия, яғни иммунитетті азайтатын дәрілерді аласыз, бұл әдетте кейбір онкологиялық ауруларға арналған химиотерапия және вакцинаның құрамдас бөліктерінің біріне аллергиялық реакция, бұл тек аллергиялық реакция емес, анафилаксия, төзбеушілік", - деді дәрігер.

 

Дәрігер бүкіл әлемдегі медицина ғылымында егер адам созылмалы аурумен ауыратын болса, онда вакцинациядан өту ұсынылатынын айтты.

 

Комаровский егер адамда жұқпалы аурудың өткір кезеңі болса, бұл туралы білу керек екенін айтты. Дәрігер қандай да бір ауыр патологиясы немесе аллергиясы бар адамдарға қан тобын, аллергияның қандай екенін және қандай аурумен ауыратындығын көрсететін бейджик немесе парақ алып жүруге кеңес берді.

 

Дәрігердің айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина алар алдында міндетті түрде тексеруден өтудің қажеті жоқ. Алайда адам вакцинация кезінде өзінің жағдайын ескеруі керек және қабылдаған дәрі-дәрмектер вакцинаның тиімділігіне әсер ететінін білуі керек.

 

"Егер адам есін білсе, қоршаған ортада өзін қалыпты ұстай алса, жүре алса, сөйлесе алса, оның дене температурасы қалыпты болса, онда 99 пайыз жағдайда вакцинация - дәрігерлік тексеруді қажет етпейтін мейірбикелік манипуляция ..." - дейді Комаровский.

 

 

 




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 09:57

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 17:12
    Ұзақ жасау – бақыт па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30