Сұрақ-Жауап. Кеңес

Дәрігер сарымсақтың зиянды тұстарын атады

  • Дәрігер сарымсақтың зиянды тұстарын атады

    Дәрігер сарымсақтың зиянды тұстарын атады

Гастроэнтеролог дәрігер сарымсақтың бірқатар пайдасын атай отырып, оны шикі күйінде тұтынбауға кеңес берді. Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, сарымсақ ет, балық сынды өнімдердегі зиянды заттарды залаласыздандыру қасиетіне ие. Дегенмен оның өзін піскен тамақтың құрамында тұтынған дұрыс. 

 "Негізі, сарымсақты тамаққа қоспас бұрын, қабығын аршып, ашық ауада бірнеше минут қою керек. Сонда оның құрамындағы пайдалы заттар "тіріле" бастайды", - дейді дәрігер. 

Айтуынша, ол микробтар мен бактерияларды өлтіріп қана қоймай, асқазанның шырышты қабатын тітіркендіруі мүмкін. 

"Сарымсақ асқазан және ішек жолдарының қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Мысалы егер адам ас қорыту жолдарының ауруларына шалдықса, сарымсақты шикідей жемегені дұрыс", - деп қосты ол. 

Бұған қоса, дәрігер сарымсақтың сөлін мұрынға тамызуға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. 

Гастроэнтеролог сарымсақты мойынға асып жүрудің пайдасы жоқ екенін алға тартты. Себебі сарымсақтың иісінде пайдалы заттардың мөлшері аз болатын көрінеді. 

Stan.kz




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

сенбі, 10.10.2020, 20:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31